Ж. Жабаев Менің өмірім

Ашық сабақ

Ана тілі 3-класс

Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаев «Менің өмірім»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын ашып түсіндіру.

1) Оқушыларға оқу материалын меңгерте отырып,оқушыны ақыл-ой әрекетіне бағыттауды,яғни оқушыны өздігінше белсенді ой-тұжырым жасауға үйрету.

2) Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың тіл белсенділігін, логикалық ойлау дағдысын дамыту.

3) Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін, өнерді сүю сезімдерін қалыптастыру.

Типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Түрі: аралас сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, Ж.Жабаевтың слайды, көбейту кестесі, тірек сызба, үлестірмелі дидактикалық тапсырмалар,

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сабақтың алғашқы басталуын ұйымдастыру.
  2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Қонақтармен сәлемдесу.

    Үлкенге де «сіз»

    Кішіге де «сіз»

    Сәлем бердік сіздерге,

    Құрметпенен «біз».

II Үй тапсырмасын тексеру:

2.1 Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы тексердім.

20 50
40 30

1) Иван Владимирович Тұрардың дәптерінен нені байқады?

2) Тұрар жазған сөздерін қалай түсіндірді?

3) Мұғалім Тұрарды тақтаға шақырып не жаздырды?

4) И.Владимирович Ломоносов туралы қандай әңгіме айтты?

5) Тұрарға күлген кім? Оған берген мінездемеңді оқы.

6) Тұрар Рысқұлов туралы жинаған деректеріңді оқы.

III Жаңа сабақ.

3.1 Көбейту кестесі арқылы тапсырмаларды дұрыс орындап, көбейтіндінің орнындағы әріптерді табу арқылы бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын ашамыз.

3 4 5 6
3 ө і е н
4 * ң р м
24 15 18 12 16
9 24 12 20 12 24

6*4 3*3

5*3 5*4

6*3

4*3

4*4

–Олай болса жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Менің өмірім» Бұл мәтіннің авторы Ж.Жабаев.

– Балалар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым.

Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,

Ішінен асып кетсе бір аптаның,-деп өздеріңді жанындай жақсы көрген, өздеріңе көптеген өлең-жыр арнаған ақын аталарыңның кім екенін білесіңдер ме?

-Ол «халық поэзиясының алыбы» атанған, есіімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім болған Жамбыл Жабаев.

3.2. Ой қозғау:

А) Тірек сызба арқылы сұрау

Суырып салма айтыс ақыны
жырау
Ұлы ақын,

сазгер

жамбыл

Жыршы,әнші

3.3 Ж.Жабаевтың суретін (слайд бойынша) көрсете отырып, оның шығармашылығы мен өмірі туралы әңгімелеу.

Болашақ атақты ақын 1846 ж. ауыл қыстаудан көшіп бара жатқан кезде, Жамбыл тауының етегінде туыпты. Сондықтан оның есімін Жамбыл деп қойыпты. Ол екі заманда-бірі ескі, екіншісі Совет үкіметі орнаған жаңа заманда өмір сүрді. Екі дәуірдің бар шындығының куәсі болып, көрген, білген, көңіліне түйгендерінің барлығын шыншылдықпен үлкен толғаныс, тебіреніспен өмір бойы жырлап өтті. Ж.Жабаев 1945 ж жүзге қараған шағында, Алматы қаласында қайтыс болды.

Көшпелі ауылдағы кедей баласына оқып білім алуға жағдай жоқ еді.Ол жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады. «Ақын болдым он үште, алтын құстай тарандым»- деп өзі айтқандай, бала кезінен ақын атанып, атақты Сүйінбай ақынға келіп, өзінің ақындық өнерін сынатты. Жас баланың дарынын бірден байқаған қарт ұстаз өлеңмен бата беріп, жол болсын айтады. Содан бастап Жамбыл ақындық жолға біржола түседі.

Жамбыл жасында әйгілі жыршы болған. Ол «Көрұғлы», «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр, «Қыз Жібек» дастандарын, қырғыздың «Манас» жырын бірнеше апта бойы айтып жүрген.

Ол ертеде атағы елге жайылған Құлмамбет, Досмағамбет, Шашубай сияқты ақындармен айтысқа түскен. Солардың бәрін жеңген Жамбылдың атағы елге тараған. Айтыс үстінде ол қарапайым халық атынан

сөйлейді, әділдікті, адамгершілікті жақтап, ел қорғаны батырларды мадақтайды. Мысалы, Құлмамбетпен айтысында:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап, шалықпай жөніңе қайт,-деп, байларды мақтаған Құлмамбеттің бетін қайтарып тастайды.

Халыққа қара түнек болған патша үкіметі Жамбылды әбден қажытты. Ал Ұлы Октябрь революциясының жеңісінен кейін Жамбыл халықпен бірге бақытқа бөленді. Атқа мініп ел аралап жүріп, бақытты заманды өз қолымен жасап жатқан еңбек адамдарын жырына қосып, мектепте пионерлермен кездесіп, балғын бөбектер туралы да көптеген толғау айтты.

1941 ж. неміс фашистері Ұлы Отанымызға шабуыл жасаған кезде 95 жастағы қарт Жамбыл жауға қарсы жалынды жырларымен қарсы тұрды. Төрт жыл ішінде Ұлы Отан соғысына арнап үш мың жолдан артық жыр шығарды. Ал енді 1941 ж. Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі қаһармандық рух беріп жауға қарсы намыс пен өшпенділік тудырған үздік шығарма болды.

Жамбылдың көптеген жыр-толғаулары СССР халықтарының тілдеріне, сонымен қатар дүние жүзі халықтарының- ағылшын, испан, француз, поляк, болгар, монғол тілдеріне де аударылды.

Ұлы ақынның ақындық өнерін , халыққа сіңірген еңбегін өкімет пен партия жоғары бағалады. Ол Қазақстан ақын-жазушылырының ішінде бірінші болып Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен наградталып, СССР Мемлекеттік сыйлығын алды. Бүкіл бір облыстың, бірқатар елді мекендер мен оқу орындарының, көшелердің аты Жамбыл атымен аталады.

3.4. Оқулықпен жұмыс.

А) Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Ә) Мазмұнын түсіну

Б) Мәтінді бөліктерге бөлу, ат қою.

3.5. Дәптермен жұмыс.

А) сөздіктер жазу

Ә) мағынасын түсіндіру.

Жарапазан–ораза айында үй аралап жүріп айтатын өлең

Мысалы: Айтамын байлар сізге жарапазан,

Молдалар ертең ерте айтар азан.

Айтқанда жарапазан қайыр берсең

Айтқанда ақіретте болмас жазаң- деген сияқты жарапазанды ораза кезінде айтқан.

Әуес- бір нәрсеге үйір, құмар,құштар.

3.6. Топпен жұмыс.

1 топ «Білім» тобы. Мазмұнын айтқызу.

2топ «Өнер» тобы. Сахналық көрініс көрсету.

3 топ «Еңбек» тобы. Мәтінге (берілген бөліміне) байланысты сурет салу.

Сергіту сәті: Он,жиырма, тоқсан, жүз,

Тойлаймыз ата тойын біз.

Жамбыл ата өзіңдей,

Біздер ақын боламыз.

3.6. Шығармашылық тапсырма.

А) 5 жолды өлең құрастыру

1. Кім? Зат есім. Жамбыл

2. Қандай? Сын есім. Дарынды, дауысы жақсы.

3. Не істеді? Етістік. Домбыра тартып, ән салды. Өлең шығарды.

4. Не үшін? Қой баққысы келмеді.

5. Ой түйіндеу. Атақты ақын болды.

3.7. «Адасқан әріптер» ойыны.

–Баладар, аманбысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құрақтарым.

Жүрмесем есендесіп тұра алдаймын,

Ішінен атып кетсе бір аптаның,-деген Жамбыл аталарыңның өлең жолдарындағы қарамен жазылған сөздерді дұрыс жазып,сөйлем мүшелеріне ажыратыңдар.

IV Сабақты бекіту.

4.1. Сабақты бекіту бүгінгі сабақ туралы ойын қағазға жазады.

Мендік пікір (сабақ ұнады ма, жоқ па)____________________________

Мені не таң қалдырды?(мәтінде)____________________________________

Мен не білдім?(мәтіннен)___________________________________________

V Бағалау.

5.1. Өз-өздерін бағалау.

Өте жақсы қатыстым-«5»

Жақсы қатыстым-«4»

Орташа қатыстым-«3»

VI Үйге тапсырма.

6.1. Мәтінді түсініп оқу.

6.2. «Өнерге құштар бала» тақырыбына шағын шығарма жазып келу

VII Қорытынды.

аш.саб. Менің өмірім 3-кл 2011-12.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше