Жүрек сыры

Жеткерген Айсұлу №25мектеп

Қазалы ауданы қожабақы ауылы

Жүрек сыры

Қиындық бар,сан қатер де,сан уайым, Кездеседі дүниенің қарасы мен ағында. Мұқағали өлмек емес ағайын, Артында зор поэзиясы барында. Жалған үміт жетегінде кетеміз, Қарамай алға,ойға да кәміл келмей-ақ, Бос үмітпен бір белеске жетеміз, Көр соқыр боп,шындықты да көре алмай. Рас,менде бар бір арман, Сол арманым заңғарадай,алыптармен сыналған. Айналайын қазағымның әдеті мен салтынан, Мұқағали деп,тулап шыққан жалындаған жырынан. Күмбірлетіп жыр жазамын,мен бүгін!

Атқан таңым ашып ерте түндігін, Қуат алар жастарға мен үлгімін. Үлгімін рас,оған және себебім, Күмбірлетіп,жыр жазамын мен бүгін. Серік етіп парақпенен қаламды, Жаңартайын,мына әлемді ғаламды. Жасампаз емес,өнерпаз болам адамдар, Өнерпаз болам,қымбат қойып бар арды. Қаламгерім де бар өзіме жақын бұрыннан, Өлеңдерін оқыған сәтте-ақ ұғынам. Мұқағали-мұзбалақ ақын талантты, Өнеге алып келемін назды жырыңнан. Болсам деймін өзіңдей менде ақын, Жырларыңдай жалындап әркез тұратын. Арманыма ұшқын берген жырың ғой, Жырың ғой,сенің жанымды менің ұғатын. Арманым осы өзіме серт бергенмін, Орындалсыншы,арманыма мен сенемін. Бухгелтер болып,немесе кәсіпкер емес, Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!

Жүрек сыры жеткерген айсулу.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше