Ата-ананың қадірі
№25орта мектептің оқушысы
Жеткерген Айсұлу Әсетқызы
Ата-ананың қадірі
Ана-дүниедегі ең мейірімді ең асыл жан.Ана-таусылмас жігер,өшпейтін сезім.Міне,мен ананың болмысын осылай сипаттаймын.Аяулы ананың басты мақсаты бауыр еті баласының биік белесті бағындырып,ел қатарлы азамат болуы.Ата-ана өз перзенті үшін,түн ұйқысын төрт бөліп,күндіз күлкі,түндіз ұйқы көрмесе де оның жанын бір ғана «балам»деген сөз жылыта қояды.Ал,біз ата-ананың осы бақытын бағалап жүрміз бе?
Қайдам…..Бірі ананың аяулы алақанына зәру.Оны бір көріп қалу олар үшін шексіз бақыт қой.Ал,енді бірі тауда ойнап дүргендей.Ата-анасының бар-жоғы олар үшін саңызды емес.Ата-анасы «балам»деп барын тауып береді.Ал, баласы осыны сезініп жүр ме?Ішкені алдында,ішпегені артында «не ішем,не жеймін» демейді.
Шын мәнінде қазіргі таңда адамдар ес жиып,аяғына тік тұрғалы бері олар ата-анасын керек етпейді.Мен бұның бәрін қоғамды араздастырып болмаса араларына іріткі салу үшін айтып отырғаным жоқ.Мұның бәрі-шындық.Көшеден шалынып құлаған қарт кісілерді көргенде қазіргілердің ешбірі барып оған көмектеспейді.Көріп,жанынан өте береді,ал енді бірі таныса да,танымайм деа бетін ала қашады.Осы ма ата-анаға деген махаббат,ата-анаға деген кәусарлық?Қалайша жұрт осынша әбестікке барады?
Ата-анасын сағынып терезеден телміріп күтіп отырған балғын бөбектердің хәлін түсіне ме біреу?Олар бір күні ата-анам келіп алып кетер-ау деп үміттерін үзбейді.Ендеше менің осы айтқандарымды оқыған болсаң,сабақ алуға тырыс.Шалт басамыз деп,от басып жүрмейік!
