Өрнектер. а+6 және a-6

№ 31 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Жанар Сергейқызы
Атырау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Өрнектер. а+6 және а-6.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: а+6, а-6 өрнектерінің мәндерін 6 санын қосу кестесін қолданып табуға оқушыларды үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есептеу дағдыларын қалыптастыру,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа,тез,шапшаң есептеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,өзіндік жұмыс,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Қосу кестесі,сөзжұмбақ

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

– Оқушылармен амандасу,түгендеу,назарларын сабаққа аудару

ІІ.Білімді еске түсіру

– Қосу кестесі және оны азайтудың сәйкес жағдайларына байланысты білімді тиянақтауға әр түрлі тапсырмалар, карточкамен жұмыстар тарату.

ІІІ.Кестемен жұмыс

а 0 1 2 3 4
а+6
а 10 9 8 7 6
а-6

ІV.Топпен жұмыс

– Салыстыруға берілген тапсырмаларда қандай амалдар кездеседі?

– Ендеше,келесі тапсырманы әр топ өз орындарынан орындайды.

І топ ІІ топ ІІІ топ

5 + 5 * 7 – 1 7 – 2 * 3 + 4 10 – 6 * 2 + 3

6 + 2 * 7 + 1 4 + 4 * 9 – 5 9 – 9 * 5 + 0

V.Тақтамен жұмыс

– Есепті оқып, мазмұнын оқушыларға түсіндіру.

– Тақтаға осы есептің шартын кім жазады?

1. Дайындап қойды—6 балға

Жетпей қалды—2 балға

Жас зергерлер–?

Шешуі: 6 + 2 = 8

Жауабы: Жас зергерлер 8.

2.Дайындап қойды—6 балға

Артық қалды—2 балға

Жас зергерлер–?

Шешуі: 6 – 2 = 4

Жауабы: Жас зергерлер 4.

– Бұл есептердің ұқсастығы екеуі де 1 амалмен орындалады,ал айырмашылықтары амалдар таңбасында.

VI.Сергіту сәті

1.Қарағайдың басында, 2.Алма ағашта бес алма,

Сегіз торғай отырды. Қандай жақсы жесе алма?!

Марат оның мылтықпен, Бесеуінде жеп қойсақ,

Үшеуін атып түсірді. Қалады онда неше алма?

8 – 3 = 5 5 – 5 = 0

VII.Сөзжұмбақ

ү ш б ұ р ы ш
е
с
б
ұ
т ө р т
ы
ш а р
л
т е ң д і к
ы

Көлденеңінен:

1.Геометриялық фигура

2.5-тен кем сан

3.Ойыншық

4.Салыстыру белгісі

Тігінен:

1.Геометриялық фигура

2.5-тен артық сан

VIII.Топпен жұмыс.Кім жылдам?

5 + 4 – 3 – 1 + 5 – 4 + 3 = 9

6 – 3 + 2 – 4 + 0 + 3 + 6 = 10

2 + 6 – 3 + 4 + 1 – 5 – 5 = 0

ІХ.Сабақты қорыту

– Бүгінгі сабақта қай тапсырма қиын болды?

– Ал,қай тапсырма жеңіл болды?

Х.Бағалау

– Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтап,бағалау.

ХІ.Үйге тапсырма: № 4, қосу кестесін жаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше