Зат есім
№31 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Жанар Сергейқызы
Атырау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға зат есім туралы түсініктер беру,білімдерін толықтыру.
Дамытушылық:Сөйлем ішінен зат есімді таба білуге үйрету,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Сауаттылыққа,ұйымшылдыққа,жауапкершілікті түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,көрсету,сұрақ- жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,сөзжұмбақ,кесте
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру.Сабаққа әзірлік
– Балалар,қазір қандай сабақ?
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Ереже,315-жаттығу
ІІІ..Сөзжұмбақ шешу « Зат есім» ( интерактивті тақта)
1.Біздің еліміз қалай аталады?
2.Рәміз
3.Сөз табы
4.Көлік
5.Сан
6.Туыстық атауы
7.Үй жануары
| қ | а | з | а | қ | с | т | а | н | ||||||||||
| е | л | т | а | ң | б | а | ||||||||||||
| е | т | і | с | т | і | к | ||||||||||||
| к | е | м | е | |||||||||||||||
| с | е | г | і | з | ||||||||||||||
| і | н | і | ||||||||||||||||
| м | ы | с | ы | қ | ||||||||||||||
ІV.Жаңа сабақ.Оқулықпен жұмыс.Зат есімдерді табу.
Мақалдар
1.Ақыл тозбайтын тон, 2.Шешен сөз бастар,
Білім таусылмайтын кен. Батыр қол бастар.
V.Ережені оқу
VІ.Өзіндік жұмыс.Не? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу
… үреді …. ұлиды…. шақырады…. қарқылдайды.
VІІ.Сергіту сәті
VIII.Шығармашылық тапсырма.Топпен жұмыс
1.Қыс туралы әңгіме жазу
2.Қыс туралы өлең шығару
… … келді,
… … жауды.
… … ойнаймыз,
… … тоймаймыз.
3.Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру.
Ұнайды мезгілі қыс маған.Болады қыста суық күн.
IХ.Суретпен жұмыс ( интерактивті тақта)
– Қай суретке кім?,қай суретке не? сұрақтарын қоямыз?
Кім? Не?
Сатушы Кітап
Дәрігер Парта
Ұста Түлкі
Х.Кестемен жұмыс.Топпен жұмыс
| Құстардың
аттары |
Жәндіктердің
аттары |
Балықтардың
аттары |
| 1.
2. |
1.
2. |
1.
2. |
| ХІ.Сабақты бекіту
– Бүгін қай сөз табымен таныстық? Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің сұрақтарын кім айтады? |
||
ХІІ.Үйге тапсырма: Ережені жаттау,320-жаттығу
XIII. Бағалау.
