Буын. Оқымысты бала
Ашық сабақ
Түркістан қаласы
Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі: Гайбуллаева Фарида Сейдуллаевна
Сыныбы-1
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: Буын. Оқымысты бала.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Буын туралы түсінігін пысықтау. Буынға бөліп оқу, жазуға машықтандыру й, ң, у – дыбыстарының буынға бөлінуі жайлы түсіндіру, орындау.
2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Оқымысты бала мәтінін оқу арқылы баланың бойына жақсы мінез-құлық қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі: өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтықтан бойын аулақ салу, білімді, әдепті, инабатты әрі еңбекшіл болуға тәрбиелеу.
