Талаптыға нұр жауар. Үздік информатиктер
Хамитов Қуанышбек Хансұлтанұлы
Ақтөбе қаласы, Ырғыз ауданы,
Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Талаптыға нұр жауар. Үздік информатиктер
(білгірлер, тапқырлар білім сайысы)
Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатиктер» атты білгірлер мен тапқырлардың білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
