Бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолдануда о йлау қабілеттерін арттыру
Досыбаева Жарқеткен Әбілқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Бастауыш сыныпта ойын технологиясын қолдануда ойлау қабілеттерін арттыру.
Білім беру мекемелерінің қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етеді.Мұның өзі оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптыстыруда маңызы зор екендігін айғақтайды.
Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Бала ойынында да қоғамдық,ұжымдық сипат болады.Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп,А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала ойында қалай болса,өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады.Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен
