Зат есім
Ескарина Бекзат Жалғасбекқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Зат есім туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау, сөздермен сөйлемдер құрату. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Оқушылардың зат есім жайында алған білімдерін кеңейту; қисынды ойлау, алған білім, білік, дағдыны қолдану дағдыларын дамыту.
Дамытушылық: сөздердің жазылуы туралы алған білімдері дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: түсіндіру, миға шабуыл, анализ жасау, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар: үлестірмелі парақшалар.
