Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қожаева Сәнімкүл
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Ө Қанахин атындағы орта мектебінің
физика пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы (8 сынып) Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сұйықтың буланып қайнаған кездегі болатын құбылыстарын меңгерте отырып, булану мен қайнау құбылыстарының айырмашылығын түсіндіру. Дамытушылық: Қазақстан тарихы мен географиялық картаға көз жүгірте отырып, сабақты меңгерту мақсатында озық ойға жетелеп, жан – жақты дамыту. Тәрбиелілік: Оқушыларды өз туған жерін, егеменді елін сүюге, өзін – өзі басқара білуге, физика ғылымы мен ұлттың тәлімін ұштастыра тәрбиелеу.
