Біздің дәрігер
«Қарлығаш» тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Ахметова Света Ерсұлтанқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі
Білім саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Біздің дәрігер
Мақсаты: Дәрігер сөздерін айтуға үйрету, сөздерін тиянақтай, толықтай меңгерту.
Қызмет кезеңдері Педагогтың басқару іс-қимылдары Балалар қызметі
І кезең
Дәлелдеу-ояту «Шаттық шеңбері» Ерте тұрып күнде мен, Терезені ашамын. «Сәлем» деймін күнге мен Шаттық әнге басамын. -Көңіл күйлерің қалай? -Балалар, мен сендерге тақпақ айтамын, осы тақпақты қай мезгіл екенін айтыңдаршы. Далада қар борайды Ақ мамыққа орайды. Мұз болады қатады. Жып-жылтыр боп жатады.
