Күз мезгіліндегі ағаш
Ербатырова Светлана Даниялқызы
Ақтөбе қаласы,
№43 негізгі мектеп-бақшасының
мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі
Тақырыбы:Күз мезгіліндегі ағаш.
Сабақ: Сурет
Мақсаты:Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы бейнелеу арқылы балалардың білімдерін кеңейту.Күзгі ағаштарды,жапырақтарды бір-бірінен ажыратуға үйрету.Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.Тапсырма жасағанда балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа баулау.
Сабақтың керек құралдары:Суреттер,түрлі түсті бояулар,қылқалам,қарындаш,ақ парақ.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші :Балалар,қолдарымызды жоғары көтеріп,биікке қарап,қолдарыңда үлкен үрлемелі шар бар деп алдарымызға елестетеміз.Шар жеп-жеңіл,мөп-мөлдір.Одан ғажайып бір жылу сезіліп тұр.Оны қолымызға алып жүрегімізге жақындатайық.Сендер қандай жылулықты сездіңдер? Қане қолымыздағы жылулымызды қонақтарға жіберейік.
Енді,барлықтарымыз жайғасып орындарымызға отырайық.көздерімізді жұмайық.
-Балалар, біз бүгін сурет әлеміне келдік.(Ән мен жер Ана келеді)
