Педагогикалық технологияны тиімді қолдану –сап алы білім негізі
Сердалы Қалдыгүл Жетесқызы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
№94 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
«Педагогикалық технологияны тиімді қолдану –сапалы
білім негізі»
Қазақ стан бүкіл әлемде халқы үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде
танылуға тиіс
(Елбасы жолдауы)
“Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ”- деп атап өткен Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуіне шақырды. -Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білу — ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп,жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді, -деп Елбасымыз Н Ә Назарбаев айтқандай, ағылшын тілін білу- қазіргі заман талабы.
Әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Сондықтан мұғалімдер қауымының алдыны өте үлкен міндет жүктеледі.
