Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Ақтөбе қаласы, «№13 орта мектебі» ММ
Ашық сабақ дайындаған музыка пәні мұғалімі
Караулбекова Гулмайра Сералыкызы.
«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»
Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту; Міндеттері: а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру; ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту; б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу. Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ән айту. Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет, видео, слайд.
