Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран
Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран
Атырау облысы Атырау қаласы М.Отаралиев атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалім Жуманалиева Шынар
Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты мына көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады). Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр. Жігіт:
