Сиқырлы экран
«Қатынас» саласы бойынша қорытынды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы (ортаңғы топ)
Білім саласы: «Қатынас»
Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту,көркем әдебиет
Тақырыбы: «Сиқырлы экран»
Мақсаты:
Білімділік Суретке қарап өз тәжірбиесіне сүйене отырып, толық әңгіме құра білуге үйрету.Балаларды жалпы жинақтау түсінігін білдіретін, қарама-қарсы (антонимдерді) сөздерді айту біліктерін жаттықтыру. Сөздерді көпше және жекеше түрінде дұрыс үйлестіре білуге үйретуде жалғастыру.Сөйлемдерді грамматиқалық байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Айтылған сөздерді есіне сақтап,сөзді сөйлеммен жалғастырып айтуға дағдыландыру. Өздеріне таныс көркем шығармаларынан үзінді бойынша атауды дағдыларын бекіту.
Дамытушылық: әрекеттердің әр түріне қызығушылықтары мен қажеттіліктерін және бала бойында сөйлеу және тыңдай білу,сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.
