Құтты болсын, Жаңа жыл

Ж. Длжанова, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

Құтты болсын, Жаңа жыл!

1.Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар және балабақша ұжымы сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл! Жаңа күн!Жаңа өмір! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт береке, ырыс алып келсін! Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Әрқашан той болсын дей отырып, біздің «Құтты болсын,Жаңа жыл!» ертеңгілігімізді бастаймыз

Тәрбиеші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтайды деген үн

Әр қонақтан кең алқапқа тарайды.

деп баршағызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!Қане, балалар барлығымыз бірге құттықтайық!

2.Балалармен бірге: Құт-тық-тай-мыз!…

1.Тәрбиеші:. Хор: «Жаңа жыл» әні.

Балалар қараңдаршы, қандай әдемі шыршамыз, енді шыршамызға арналған

Тақпақтарымызды айтып берейік:

Аңсар: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Ақжан: Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса.

2.Тәрбиеші: Балалар шыршаға арнап, тамаша тақпақ айттыңдар. Жарайсыңдар. Балалар жаңа жылда қонаққа кімдер келуші еді?

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар!

2.Тәрбиеші: Қанекей, бәріміз бірге шақырайық Аяз ата, Ақшақар….

(У-У-У аю кіреді залға)

Аю: Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай шу, тасыр-тұсырдан шошып ояндым. Не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатыны бір-ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, Жаңа жыл»-дейді.

1.Тәрбиеші: Мәссаған! Балалар аю Жаңа жылды білмейді екен ғой. Қане, өз өнерімізді көрсетейік.Тақпақ айтайық, би билейік

2.Тәрбиеші: Менің бүлдіршіндерім аюға «Көңілді күндер» биін билеп береді.

1.Тәрбиеші: Жаңа жыл деп осыны айтады. Балалар көңіл көтереді, тақпақ айтады, би билеп ән айтады. Осы шырша мерекесіне Аяз атамыз немересі Ақшақарды ертіп келеді. Аяз ата сыйлықтарын ала келеді.

Аю: Мен ұйықтап жатқанда, сендер осындай тамашаны қызықтайды екенсіңдер ғой.

2.Тәрбиеші: Аю сен ұйқыны қой да, жылда біздің мерекеге келіп тұр.

Аю: Жарайды балалар, седерге рахмет!Мен барып бәріне жаңа жыл болып жатқанын хабарлайын. Шығып кетеді.

1.Тәрбиеші:Кішкентай бүлдіршініміз Ақжанның орындауында

«Сырғанайды шанамыз» әнін қабыл алыңыздар!

2.Тәрбиеші:Кешіміз көңілді,әнмен, бимен басталып та кеткен сияқты,ендеше бізбен бір жыл бойы бірге болған , бар қызықты бірге өткізіп ,бірге қуанып,бірге ренжіген жылан жылымызға рахметімізді айтып «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

Ескі Жыл: Сәлеметсіңдер ме ,балалар!

Байқайын мен байқаймын!

Тұрсыңдар сендер таң қалып,

Таң қалмаңдар,билеңдер,

Бір жыл бойы сендермен

Өлең айтып, ән салып

Би биледік шаттанып.

1.Тәрбиеші: Рахмет саған ескі жыл,бізбен бірге көңіл көтеріп, балалардың өнерін тамашала.

Күлегеш: Амансыңдар ма балалар,қонақтар.Аю балабақшада жаңа жыл мерекесін тойлап жатқанын айтты. Естіп мен де келдім. Мерекені мен өте жақсы көрем. Әсіресе билегенді ұнатамын.

2.Тәрбиеші: Қане, балалар күлегешпен бірге «Санта клаус» биін билеп көңілімізді көтерейік.

Күлегеш: Жарайсыңдар балалар! Неге шыршаның шамдары жанбаған!

Аяз ата мен Ақшақар қайда?

1.Тәрбиеші: Расында, Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар бірге: Аяз ата, Ақшақар ….

Аяз ата: Армысыңдар балалар!

Бармысыңдар балалар!

Құтты болсын жаңа жыл!

Жаңа жылды тойлаңдар!

Ақшақар: Аспан жерге төгеді

Ақшақардым сүйкімді

Сол себептен барлығы

Мені жақсы көреді.

2.Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата , Ақшақар. Қош келдіңіздер!

Күлегеш: Аяз ата мен Ақшақар келді. Енді шыршамыздың шамын жағайық

(Аяз ата шыршаның шамын жағады)

Ән: «Аппақ ,аппақ»

1.Тәрбиеші:Аяз ата, Ақшақар сіздер неге кешіктіңіздер, балалар сіздерді асыға күтті.

Аяз ата:Балалар кешіккен себебім, жолда сендерге әкеле жатқанда сыйлыққа толы қоржынымда жоғалтып алдым. Ақшақар екеуміз біраз іздеп,таба алмадық. Енді сол қоржынымды қайдан табарымда білмей тұрмын.

Жылан: Ата уайымдамаңыз. Қазір жаңа жылға хабарласып, осы балабақшаға шақырайын. Мүмкін сол білер… Жылан телефон шалады.

(телефонын көтермейді.)

-Телефонын көтермей жатыр,мүмкін жаңа жыл да келіп қалған шығар.

(Қара жорға музыкасы қосылып, жылқы жылы шығады) Би билейді.

Жаңа жыл :Сәлеметсіздер ме балалар!

Мен тұрмын елеңдеп

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сендермен

Дос болайық шаттанып.

Жылан: Амансың ба, Жаңа жыл! Қош келдің! Жаңа жыл келе жатып

Аяз атаның қоржынын көрген жоқсың ба?

Жаңа жыл: Жоқ көрген жоқпын.

-Маша мен аюды көрдім. Аюдың арқалаған қоржыны бар.Осы жаққа келе жатыр.Мүмкін сол, Аяз атаның қоржыны болар.

1.Тәрбиеші: Балалар, сендер маша мен аюды білесіңдер ме?

Қазір маша мен аю да келіп қалар. Оған дейін Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерімізді көрсетейік. Атамыз да шаршаған шығар. Бір қуанып қалсын.

2.Тәрбиеші: Қане, балалар, ендеше Ақшақарымызбен бірге

«Ақшақарлар биін» билеп жіберейік.

Көрініс:Маша мен Аю музыкасы ойнайды. Маша мен Аю келеді.

Маша шамды өшіреді, аю қосады.Маша ойыншықтарды шашады, аю жинайды.Қоржындағы сыйлықтарды шашып жатқанда, аю қоржында Аяз атаға табыстайды.

Аю: Маша екеуміз мерекеге келе жатқанда жолдан мына қоржынды тауып алдық , сіздің қожынының шығар деп ойладық. Осында алып келдік.

Аяз ата мен Ақшақар: -Иә, осы қоржынды іздеп, Ақшақар екеуіміз кешігіп қалдық. Аю саған көп-көп рахмет!..

Маша:Сәлеметсіңдер ме балалар, мен сендермен жаңа жыл мерекесін тойлауға келдім.Мерекені жақсы көремін,әсіресе би билегенді ұнатамын.

1.Тәрбиеші: Ендеше орманнан келген аңдарымызда ортаға шақырайық.

«Аңдар биі»

2.Тәрбиеші: Балалар Маша мен аю Аяз атаның сыйлыққа толы қоржынын әкеліп берді.Ендеше Аяз атамызға арналған тақпақтарымызға кезек берейік.

Ақниет: Аяз ата Ақшақар!

Келіңіздер ортаға

Сағындық біз сіздерді

Асыға күттік қаншама.

Аруна : Мерекеге келдік

Тақпақ айтып бердік

Ойыншықтар тізілген

Шаршаны да көрдік.

Әділер: Жаңа жылда, жаңа жылда

Жаңаша тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша,

Аппақ біздің атамыз

Нұрберген: Келді жаңы жылым, бақытым

Кемелденді уақытым

Сәлем саған, жаңа жыл

Жаңа бақыт, жаңа жыл

Фатих: Тамаша,тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Келеме біздің бақшаға

Ахмет: Той мереке салтанат,

Думандатты шартарап

Келді міне, жаңа жыл

Тартуларын арқалап

С.Ақниет:Шыршамаз да керемет,

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Нұрайым: Өлең де әзір,ән де әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл,жаңа жыл

Санжар: Келді міне, жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз

Айсан: Жүзімізден күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Фарида: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келдің бе алыс сапардан

Аяз ата оранып.

Барысхан: Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдық

Бір жасқа енді

Байқадам: Алақай жаңа жыл

Бәрі аппақ ой мен қыр

Шыршада біз ойнаймыз

Жаңа жылды тойлаймыз.

1.Тәрбиеші: Біздің кішкентай бүлдіршініміз Фариданың орындауында

«Түрік биін» қарсы алыңыздар.

Ойын:

Дария: Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құтықтаймыз сіздерді.

Ұлпан: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

Сағындам Аяз атаны.

Қанат: Жаңа жыл, Жаңа жыл

Сені күттім елеңдеп

Өзіңмен ілесіп,

Аяз ата келер деп.

Ардақ: Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айып береміз

Болсын риза балаша

Аппақ біздің атамыз.

Ахмедияр:Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем Аяз атамыз.

Данияр: Сағынам,Аяз атаны

Оралды міне, тағы да

Билеп, өлең айтайық.

Бізге сыйлық береді.

Айдана: Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Аяулым: Балалар жақсы көреді

Қыста ғана келеді

Ән жыр айтса қуанып

Сыйлықтарды береді.

Нұрай: Тамаша, Тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

2.Тәрбиеші: Келесі кезекті Үнді елінен келген бүлдіршіндерімізге кезек берейік Айсан мен Дарияның орындауында «Үнді биі»

Мансур: Жаңа жылды балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болып өсіңдер.

Әйгерім: Шырша жаны көңілді

Билеп барлық бала жүр

Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын, Жаңа жыл.

Жарқынай: Сақал аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындам, Аяз атаны.

С.Кәусар: Жүзіміз де күлкі ойнап,

Істілді әніміз.

Жаңа жылды қарсы алып,

Би билейік бәріміз.

Саяжан: Құтты болсын мереке

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жаңа жылды тойлаңдар.

Серік Кәусар: ………………………..

1.Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, Аяз ата мен Ақшақарға бар өнерлеріңді көрсеттіңдер! Рахмет сендерге .

Аяз ата: Ал, менің кететін кезім келді басқа балабақшаның балалары күтіп отыр. Келесі жылда кездескенше аман-сау болыңдар.(Барлығы қоштасады)

2.Тәрбиеші: Тамашалағандарыңызға көп рахмет. Осымен

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңіздер.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше