Наурыз- біздің жаңа жыл
Ж. Длжанова, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
Наурыз- біздің жаңа жыл!
Тәрбиеші: Армысыздар ардақты әлеумет!Жер ананың тоң кеудесі жібіп,Самарқанның көк тасы еріген қасиетті наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын! Наурыз елімізге құт береке әкелсін!
«Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын!»
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты дап
Тойға шашу шашайық
(Әжелер шашу шашады)
Наурыз тойы- көңіл тойы , көктем тойы,
Жақсылық болса дейтін өмір бойы
Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі бақыт, байлық бақ көбейсін!
Тойлайық халық тойы Наурызымның
Шуағын жерге төккен Наурыз күнін
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күн ерекше қуанышты күн. Себебі біз бүгін қандай мейрамды
тойлайын деп жатырмыз?
Балалар: Наурыз мейрамын
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар. Осы наурыз мейрамын жер бетінде қар еріп күн жылына
бастаған кез көктем мезгілінде тойлайды екенбіз.
Балалар қараңдаршы айнала жарқырып кетті бұл кім екен келе жатқан?
Күн: Сәлем, ата-аналар!
Айналайын балалар!
(Балалар амандасады)
Уақыт үдеп келдім мен
Құтты болсын мерекең!
Күнде ұзарам мен енді
Күн менен түн теңелді.
Мен сендерге күннің жылуын алып келдім. Би:«Көңілді күндер»
Тәрбиеші: Қандай керемет,рахмет сендерге. Кел күн төрлетіңіз дастарханнан дәм
татыңыз,балалардың өнерін тамашалаңыз.
Жасарды жер алақай
Наурыз тойын тойлайық дей келе
балаларымыздың наурыз мейрамына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Әділер: Ата бабам тойлаған С. Ақниет: Наурыз гүл көктем
Наурызым армысың Сәнді ай арайлы
Қызыңына тоймаған Күлімдеп гүл көктем
Дархан дала, қарлы шың Нұр шашып қарайды
Жаннұр: Мерекесі байырғы Байқадам:Наурыз,наурыз жыл басы
Алды алңым қабылдап Жасыл көктем жыль басы
Ақ дастархан жайылды Төл мереке,кел мереке
Ошақта от жалындап.
Д.Ақниет: Ұлыс күні қазан толса, Ардақ: Ашылды да кебеже
Ол жылы ақ мол болар. Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Қанат: Осыншама жақсылық Барысхан: Наурыз тойы салтымыз
Алып келген наурызым Аман болсын халқымыз
Төрлет бізге нұр беріп Ұлыс оң болсын,
Шуақ шашып ақ жүзің! Ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Наурызымыз құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс келсін жерімізге
Жыланды қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Жылқы» кірсін төрімізге
Тәрбиеші: Қанекей қарсы алайық жылдың басын
Қосылып,жасқа-жасың,басқа басың
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата әже келгендей қуанғандай
Балалардан қуаныш арылмасын.
Жылқы: Мен келдім міне, бүгін ортаңызға
Амандық, саулық тілеп баршаңызға
Денсаулық берсін деймін баршаңызға
Жеткенше аман есен келер жылға.
Тәрбиеші: Бас қонақ өзіңсің ғой осы тойда
Отыршы төрімізге осындайда
Жылқыны бірінші рет қарсы алған
Бүлдіршін көрсетші өнер жаңа жылға
Біздің балаларымыздың орындауында «Адай биі» тамашалаңыздар!
Тәрбиеші: Наурыз мерекесіне жасалатын ұлттық тағам ол наурыз көже. Әжемізден Наурыз көжені қалай жасайтынын сұрайық.
Әже: Көжеге жеті түрлі тағам қосылады.Олар: қыстан қалған сұр ет, айран,сүт, тұз, құрт, тары,бидай. Жеті саны киелі сан. Алнаурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: «Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!» дей отырып,келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.
Санжар: Тақпақ айтам жыл басы Кәусар: Күттіріп келген жыл басы
Құлағыңды сап тыңдашы Бізбенен бірге жырлашы
Бар бөбекке өзімдей Дастарханына елімнің
Тыныш өмір сыйлашы Береке ырыс сыйлашы.
Фатих: Наурыз бабамның сөзі Нұрберген: Уа,ағайын туысхан
Наурыз анамның сөзі Наурыз күн туды шығыстан
Ғасырдан ғасырға жеткен Сол тойға келдім шақырып
Даламның сөзі Ат терлетіп алыстан.
Ахмедияр: Ақ түйе қарны жарылды Фарида: Көктемім төкті нұрды
Наурызд елім сағынды Көңілдің кетті мұңы
Асыққын сен де сол тойға Кел достар ән шырқайық
Барлық жұрт мұнда ағылды Ұлыстың ұлы күні
Мансур: Наурыз тойы салтымыз Ұлпан: Жылымның басы наурыз
«Көгерсін» деп халқымыз Салт-дәстүрді жаңғыртқан
Көшеге тал егеді Қазынам асыл- Наурыз!
Амир: Наурыз тойы елдің тойы Саяжан: Наурыз тойы-төлдің тойы
Ән айтатын күні бойы Жақсы көрем наурыз тойын
Әйгерім: Бәйшашактен білеміз Нұрай: Құрт, бауырсақ шашылсын
Көктем келіп қалғанын Наурыз тойы тойлансын.
Мәз боламыз күлеміз
Көрсек гүлін жарғанын
Тәрбиеші: Туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ
Ел дәстүрін білмесең
Жұрт айтады «надан»деп
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз-деп кезекті сахналық қойылымға берейік.
«Бесікке салу»
Алдар көсе: Мен Алдармын,алдармын
Жамандарды алдаймын
Жақсылармен серік боп,
Дос боламын баламен.Амансыңдар ма балалар?
Тәрбиеші: Қане балалар Алдар көсемен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Бүгін бізге ертегілер елінен Алдар көсе келіп қалыпты. Қош келдіңіз! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Адар көсе: Рахмет! Мен де сендерді наурыз мерекесімен құттықтап келдім.
Тәрбиеші: Балалармен ойын ойнап,өнерлерін тамашалаңыз!
Алдар көсе: Ендеше қазақтың ұлттық ойыны «Күш сынасу»ойынын ойнатайын, күшімізді сынап көрейік
Мың бұралған арулар маңдап басып
Келді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошеметпен қарсы алайық
Би: «Түрік биі»
Тәрбиеші: Рахмет балалар. Бүгін бізге үлкен аталарымыз келіп отыр екен осы Ұлыстың ұлы күніне арнап баршамызға ақ тілек батасын берсін
Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсің дала бір
Құтты болсын наурыз той
Құтты болсын жаңа жыл!
«Наурыз-біздің жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
