Табиғатты қорғау – қасиетті іс

Матышева Айнұр

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғау – қасиетті іс.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың жалпы табиғат жөніндегі түсінігін, білімдерін жетілдіру, табиғат тіршілік көзі, адамның ақыл – ойы табиғаттың ұлы заңымен үйлесімді екенін түсіндіру, еліміздің экологиялық аймақтары жайында сөз қорғау ұғындыру

2. Ой-өрісін кеңейту, жеке тұлғасын, тілдік , сөздік қорын, ізденісін ояту, сөйлеу дағдысын дамыту.

3. Табиғат пен адамдар арасында байланыс қалыптастыру, туған табиғатты, жер – Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп, қадірлеугеғ отанды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: туған жер туралы даналық сөздер, табиғат суреттері, еліміздің табиғаты туралы слайд

Мұғалім:

Жер ғаламшары – кеме, ал адамзат оның жолаушысы. Кеме апатқа ұшыраса, адамзатта апатқа ұшырайды. Сондықтан адамзатты аман сақтау үшін бірінші Жер ғаламшарын, табиғатты сақтауымыз керек. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адам табиғатсыз, жерсіз өмір сүруі мүмкін емес. Әрбір адамның туған жері бәрінен де қымбат, өйткені сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен біте қайнасып адам болып қалыптасады.

Алып Жер – адамның бесігі,

Тербесін сәбиін, тербесін.

Адамзат, бақыт нәсібің,

Абайла, төгіле көрмесін,- деп Мұқағали ақын жырлағандай қазақ жерін сүю, табиғатын қастерлеу, табиғатына бас ию- әрбір адам борышы.

1-жүргізуші :

Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі көктем мезгілімен тұстас келіп отырған «Табиғатты қорғау, қасиетті іс» атты 1 сыныбының дайындаған тәрбие сағатына қош келдіңіздер

2-жүргізуші :

Құрметті оқушылар Табиғатты сүю Отанды сүю.Біздің табиғатқа жасаған әрбір жақсы қадамымыз біздің болашағымыз.

1-жүргізуші :

Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Жер Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы.

2-жүргізуші :

Табиғат… Табиғат… Бұл сөзде қаншама құдірет жатыр.Өмірдегі ең сұлу,көркем де жомарт тіршілік иесі табиғат емес пе Олай болса табиғатты сүйе білейік,аялайық.

Елдана

Жер Ана мен өз анаң егіз екен,

Мейірімдері мейлінше теңіз екен.

Анам туды,Жер Ана жетілдірді,

Осыны өзім өмірге негіз етем.

Шұғыла

Табиғат,әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін

Жан – жануар табынып бір өзіңе

Cенен алып тұрғандай бар тынысын.

Нұрдәулет

Табиғат біздің анамыз,

Жер Ана болар панамыз.

Табиғатты қорғаймыз,

Бар күшті біз саламыз.

Нұрсұлтан

Табиғатым Жер Ана,

Жер Ана,сенсіз өмір жоқ.

Тұрса да мәңгі күн шығып,

Гүлденсең болды көңіл тоқ,

Сенсіз өшпес бір шыбық.

1-жүргізуші :

Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй, деп ұлы Абай атамыз жырлағандай, сыныбымыздың әнші қызы Балнұрды Сарыжайлау әнімен қарсы алайық.

2-жүргізуші :

Табиғат нағыз сұлулықтың ортасы. Оны түсінген адам қуаныш көзі ретінде сақтауы керек. Табиғат емші,денсаулық көзі. Біздің кең байтақ жерімізде табиғаты сұлу, ауасы таза, суы дертіңе ем болатын қаншама жерлер, шипажайлар бар. Солардың бірі – Көкшетау.

(Слайдтан еліміздің табиғаты сұлу жерлері көрсетіледі.)

Елдос

Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер

Орман,Тау,Көл,Теңіздер.

Жанару

Табиғат қандай сұлу,қандай көркем

Сылдырлап бұлақ ағып сай саладан,

Ағаштар жапырақ жайып,қыр көгерген.

Табиғат күлімсіреп күніменен,

Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен.

Көркіне көз тоймайды табиғаттың,

Cұлулықты сүйе біл шыныменен.

Ырысбек

Табиғат Ана,сенсіз өмір жоқ,

Тұрса да мәңгі күн шығып.

Гүлденсең болды көңіл тоқ,

Сенсіз белес бір шыбық.

Манзура

Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,

Бір бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.

Көрініс: «Жер Ана»

1-жүргізуші :

Жер Ананың төсінде

Өзен ағар сарқырап

Өзен көлдің бетінде

Аққу жүзер қалықтап

Аққуларға жетпейді

Жер көкте бар тазалық

Бір көрсең шаттық кетпейді,

Көңілің қалар тазарып – дей келе келесі кезекті биге берейік.

Аққу биі: Альжанова Елдана.

2-жүргізуші :

Қазақ жері қазба байлыққа толы,табиғаты әсем,демалыс орны көп.Сол табиғатта бірнеше қорықтар бар.Қорық дегенді қалай түсінесіңдер

Диана

Құрып жойылуға жақындаған жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар, қосмекенділер мемлекет қарауына алынып отыр. Мұндай жерлерді қорық деп атайды. Қорық деген сөздің өзі қорғау, сақтау деген сөзден шыққан. Қазіргі таңда елімізде бірнеше қорық бар. Олар Ақсу Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжың, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай,Алакөл.

(Слайдтан қорықтар көрсетіледі)

Нұрдаулет

Орман іші тамаша,

Жұпар ауа,ақ бұлақ.

Ойнайды аңдар балаша,

Көк шалғында шапқылап.

Аң мен құстар таласа,

Мекендейді орманды.

Соларға арнап жасаған,

Қорық дейді сол маңды.

1-жүргізуші :

Қазіргі таңда экология мәселесі бүкіл әлемдік мәселеге айналып отыр емес пе

2-жүргізуші :

Ия… Еліміздің бірқатар аймақтары экология зардаптарын тартуда.Олай болса мұғаліммен бірге экологиялық аймақтарға саяхатқа шықсақ қалай болады

1-жүргізуші :

Экология деген қандай сөз? Оны қалай түсінуге болады?

Диас

Шу аз ба қазір,

Шаң аз ба

Бәріне соның алаңмын.

Дүңкеиген анау камаздар

Диназавры даланың.

Сымбат

Көгалға кілем төсейтін,

Қап қара асфальт төседік.

Даналық қолы сызғанша,

Даланың шаңын бір қақтық

Су таппай жүріп біз қанша

Батпақты қолдан құрғаттық.

Балнұр

Экология бөтен сөз, бір туғаның бірақ та,

Білгенге бұл көсем сөз, мәңгі қалар құлақта

эко, деген – үй, Отан

Ежелден – ақ грекше,

Сөз патшасын ұнатам жүрегіме гүл ексе,

Бізше ғылым логия, тұтқасы бар әлемнің,

Онсыз мекен, жоқ ұя, жоқ киесі өлеңнің.

Өз үй өлең төсегің табиғат боп қалады,

Оған атқан кесегің өз басыңды жарады.

Мұғалім:

Оқушылар, экологиялық аймақтарға саяхатқа шықпас бұрын біліп алайық. Осы өзіміздің туып өскен жеріміз, Сарыағаш өңірі экологиялық аймақтарға жатады ма?

(оқушылар өз ойларын айтады)

Қызылорда облысы, Арал өңірі, мұнай, ұран өндірістерінің залалы жайында, Семей полигонының зардаптары жайында айтылады.

(Слайдтан аталған өңірлер көрсетіледі.)

Балдәурен

Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті Жер Ана,ауыл,елді

Көркейтетін болашақ біз жастармыз.

Қалдықыз

Текке қарап отырмай,

Бір бірден гүл егейік.

Өлкенің гүлденіп,ауаның тазаруы үшін

Терімізді төгейік

Мерей

Ауа ластанбай,

Көліміз тартылмай.

Суымыз лайланбасын десек,

Табиғатты қорғайық.

Бақжан

Табиғатты сүю парыз,

Сүю үшін қорғау парыз.

Табиғатсыз күнің жоқ,

Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Асқар

Қымбатты сұлу табиғат,

Туған жерім ардағым,

Күлкісіндей күлім көз,

Маған қарап тамсанды.

1-жүргізуші :

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті,ерікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

2-жүргізуші :

Табиғат күллі тіршілік алушының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт берекесі.

Хормен:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік.

Би

Тақпақтар

Хор:

Атамекен әні

Мұғалім:

Адам өмірі табиғатпен тікелей сабақтас әрі тығыз байланысты. Олай болса сол Табиғат Ананың алдында әркім өзінің перзенттік борышын ұмытпағаны жөн.

Атамекен жанға жайлы саябақ,

Ар алдында күнә болар табиғатты аялау

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше