Наурыз тойы
О.Қ.О.Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылы
«Ынтымақ» негізгі орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Керимова Ақшолпан Қарсыбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Наурыз тойы.
сабақтың мақсаты:
білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін нығайта түсу,
наурыз мерекесіне тән қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Ауызша сөйлеуде сауатты, әрі көркем жазуға үйрету.
дамытушылығы: Оқушының ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, білім дағдыларын қалыптастыру.
тәрбиелілігі: Қазақ халқының салт -дәстүрлерін әдет-ғұрып, жөн-жоралғыларын
оқушылардың бойына сіңіру.
көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, кеспе суреттер ,тест тапсырмалары.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
