Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар
ОҚО Шардара қаласы
А.Иманов атындағы ж.о.м
Бастауыш сынып мұғалімі
Жолдас Жанар Сыдыққызы
Сабақтың тақырыбы: «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар .»
Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:білім, тіл туралы қанатты сөздер,интерактивті тақта,ақ қағаз.
Мұғалім:Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменнен аспанға жол салынар.
Армысыздар ата – аналар, ұстаздар!
– Бармысыздар,
Болашақтың басталуы,
Балғын шақты балалар!
Бүгінгі шәкірт-ертеңгі азамат.Сол азамат бойында тапқырлықты,алғырлықты қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталады.Біз сендермен бүгін «Білекті бірді
