Қасиетті домбыра
Қасиетті домбыра
Төлеуова Шамшия-№184мектептің музыка пәні мұғалімі
Тұрғанбек Балнұр-№184мектептің 7сынып оқушысы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылы
Кіріспе
Екі ішектің бірін – қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра,
Нағыз қазақ ,қазақ емес
Нағыз қазақ – домбыра.
Қ.Мырзалиев.
Домбыра – бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Домбырада ойнай білу – әрбір адамның, әрбір баланың асыл арманы. Домбыра үнін тыңдау – әлемдегі ең нәзік те ғажайып сезімге бөлену деген сөз. Домбыра туралы әңгіме қозғала қалса, көңілде қазақи тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі тұрады.
