Абайлаңдар, балалар
Тақырыбы: Абайлаңдар, балалар! Мақсаты:
1. Оқушыларға жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.
2. Оқушылардың жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру,
3. Оқушылардың барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. Класс оқушылары үш топқа бөлінеді: қызыл түсті киім киген оқушылар – «Қызылдар», сары түстілер- «Сарылар», жасыл түстілер – «Жасылдар».
