Көркем шығарма желісімен драмалық қойылымдар д айындау жолдары
Испусинова Лариса Бержанқызы
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ш. Уәлиханов атындағы №9 орта мектеп
Атырау қаласы
Көркем шығарма желісімен драмалық
қойылымдар дайындау жолдары
ҚР ХХI ғасырда болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесінің жаңа парадигмасын қалыптастыруды ең негізгі міндет етіп қойып отыр. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қарастыруды көздейді.Білім мен тәрбие парадигмасы жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытуды, рухани интеллектуалдық тұрғыда тәрбиелеу, адамзаттық құндылықтарды сіңіру, нәтижелі ізденіске жетелеу, өзгермелі өмір жағдайына бейімдеу
