М.Шахановтың шығармасы желісіндегі «Танакөз» қо йылымы
Испусинова Лариса Бержанқызы
Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ш. Уәлиханов атындағы №9 орта мектеп
Атырау қаласы
М.Шахановтың шығармасы желісіндегі «Танакөз» қойылымы
I перне
«Өмір-өзен» музыкасы ойналып жатады.
Автор: Сен ер жеткен таулы өлкеде мен де ер жеттім, жан досым,
Мен тербеткен бір арманды сен тербеттің, жан досым,
Екеуімізді екі ананың еркесі едік тел өскен,
Ерте есейіп, бақыт күткен арман атты белестен.
(Сахнада Мұрат пен Мұхтар).
Мұрат: – Біз үшін бүгін – бақыты күн. Ер жетіп есейдік деген – осы, қолымызда- аттестат.
