КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУ БАРЫСЫНДА КӨМЕ КШІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,Облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Сапарғалиева Анара Махмудқызы.
КӨРУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУ БАРЫСЫНДА КӨМЕКШІ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
Бейнелеу өнері сабақтарында көру қабілеті бұзылған балаларды сурет салуға үйрету барысында тек қана жалпы білім беру принциптерін, әдістері мен тәсілдерін қолданып қана қоюға болмайды.Көру қабілеті бұзылған балаларды оқытудың өзіндік ерекшеліктерін, қиындықтарын ескеру қажет. Олай болмаған жағдайда балалардың сурет салу, ақпаратты қабылдау, талдау қабілеттері нашар дамиды.
