Біз Отанды сүйеміз

А. Длжанова, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы

Тақырыбы: Біз Отанды сүйеміз!

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру. 9-мамыр Жеңіс күні екенін түсіндіру. Балаларды Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер.

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық.

Мен Отанды сүйемін

Сен де Отанды сүйесің

Мен анамды сүйемін

Сен де анаңды сүйесің

Мен әкемді сүйемін

Сен де әкеңді сүйесің.

Көтеріп бір көңілді,

Шаттықпенен күлейік

Дос, бауыр боп бәріміз

Тату-тәтті жүрейік!

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар, атайықшы?

Балалар: Үш ай бар. Наурыз, сәуір, мамыр.

Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы айы наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?

Балалар: 8-наурыз аналар күнін, 22-наурыз Ұлыстың ұлы күні Жаңа жылымызды тойладық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, сонымен бірге 1-мамыр Бірлік күнін, 9-мамыр Жеңіс күнін тойлаймыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз Ұлы Отан соғысында ерлік

-қызынан, сүйікті жарынан айырылып, қаншама шаңырақтың ойраны көрсетіп, есімдері ел аузында айтылып жүрген батыр аталарымызға арналады. Бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық адамдардың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Мұны ешқашан ұмытпаймыз.

Біздің елімізге 1941 жылы маусым айында ойламаған жерден немістер шабуыл жасаған, яғни бұл соғыс деп аталды. Бұл соғыс 4 жылға созылған. Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тауып, елге оралмаған азаматтар қаншама, баласы- әкесінен, ана- ұлшықты. Сөйтіп, біз 1945 жылы 9-мамыр күні фашистерді жеңіп шықтық. Сондықтанда 9-мамыр Жеңіс күні деп аталды.

Баршаңызды 9-мамыр Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Ұлы Жеңіс үшін жандарын қиған, ерлік көрсетіп, елімізді қорғаған аға-әпкелерімізді де бар. Білеміз бе?

Балалар: Мәншүк, Әлия әпкелеріміз және Бауыржан, Талғат ағаларымыз.

Тәрбиеші: Елімізді қорғап, ерлік көрсеткен аға-әпкелерімізге арналған тақпақтарымызды айтайық.

Байқадам:Әлияны бұл күнде Фарида: Ол жеңісті көрген жоқ

Барлық бала біледі Келді кейін азат күн

Әлия апа көңілде Бірақ мәңгі өлген жоқ

Әпкеміз деп жүреді Батыр қызы қазақтың!

Барысхан: Жаумен жалғыз алысты Қанат: Батыр бопты бабамыз

Түбінде Мәншік соғыстың Бізде әлі баламыз

Бермеді қолдан намысты Күзетте тұр тұрағы

Жүректі қызы қазақтың! Әскердегі ағамыз

Одан үлгі аламыз

Біз де сондай боламыз!

Ардақ: Соғыс оты болмасын Ақниет: Мәншүк апай батыр қыз

Бейбіт елді шалмасын Ардақтаймыз атын біз

Бейбітшілік ұраны Ұқсап Мәншүк апайға

Жер бетінде шарласын Өсіп келе жатырмыз.

Фатих: Сонау жылы жер көкті Ахмедияр: Үстінде сұр шинелі

Соғыс бұлтты торлаған Дулығасы болаттан

Сонда Мәншүк апамыз Мәншүк апа күні-түні

Жаудан елді қорғаған Жауға оқты боратқан

Ән: « Ел қорғауға әзірміз»

Аяздарда тонбаймыз,

Аптапқа да төземіз

Түнде де жол барлаймыз,

Суда еркін жүземіз.

Бұл шақта, бұл шақта

Кішкентаймыз қазір біз

Кішкентай болсақ та,

Ел қорғауға әзірміз

Біз Отанды сүйеміз

Біз Отанға адалмыз

Туымызға иеміз

Қалай жасық боламыз.

Тәрбиеші: Ерлерді ұмытса да ,ел ұмытпас

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып.

Ерлерді ұмытса да ,жер ұмытпас,

Арқаның селі,желі, шөбі,белі-

Ерлерді ұмытса да ,ел ұмытпас.

Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз.Оларды құрметтеп, ескерткіштер қойылған. Олардың атымен мектептер, саябақтар, ауылдар, мәдени орталықтар бар. Олардың есімі мәңгі ел есінде.

Ойын: «Кім жылдам?»

Қиылған көгершіннің, күннің суретін құрастыру

Балалар, бүгін қандай мейрам екен?

Отанды сүйесіңдер ме?

Жарайсыңдар балалар, бүгін сендер жақсы қатысып отырдыңдар?

Мен де Отанымды жақсы көремін. «Отанымызда тыныштық пен бейбітшілік болсын» деген ниетпен мына шарларды ала келдім. Енді осы шарларды далаға шығып бәріміз бірге ұшырайық.

Жер бетінде тыныштық

Жер бетінде туыстық

Баянды бақыт адамға

Орнатуға далаға!

Сәбилік таза көңілден

Ант береміз! (3 рет.)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше