Уақытты бағдарлау
Білім саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математика»
Тақырып: Уақытты бағдарлау.
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыра отырып,санауды геометриялық пішіндерді білуге үйрету, .Логикалық ойын дамыту.
Әдіс-тәсіл: көрсету,түсіндіру,санау,ойын
Көрнекілік: 1-10-ға дейінгі сандар геометриялық пішіндер.
| Іс-әрекет кезеңі | Тәрбиеші әрекеті | Балалар әрекеті |
| Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәт Мотивациялық қозғаушылық іздестіру кезеңі Сергіту сәті Рефлексивті түзетушілік |
Шаттық шеңбері
Қуан,шаттан,алақай. Қуанатын кез келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң! Қайырлы күн! Сәлеметсіздер ме,балалар! · Еліміз аман болсын! · Аспанымыз ашық болсын! · Өте жақсы.Жарайсыңдар балалар! Сендер тату-тәтті дос екендеріңді білдіріп бір-бірлеріңе жақсы тілектер айттыңдар! Өткен оқу іс-әрекетін еске түсіру. Балалар мына үшбұрышты сендерге беремін.үш бұрыштардың бұрыштарын санаймыз. *3-саны туралы кім тақпақ біледі? Өте жақсы жарайсың! Балалар біз бүгін қарапайым математика ашық оқу іс-әрекетінен тақырып, «Уақытты бағдарлау» мен танысамыз. Балалар уақыт бағдарлау 6-кезеңге бөлінеді. 1.Таңертең 2.күндіз 3.Түс 4.бесін 5.кеш 6.Түн Балалар бәріміз бері қарайықшы.Бүгін бізге сиқырлы сандық қонаққа келіпті. Сиқырлы сандықты ашсақ ішінен не шығар екен? Сандықтың ішінде неше түрлі тапсырмалар бар екен. · Қане,тапсырмамен танысып көрелік. І-тапсырма · Жылдың төрт мезгілін ата? · Қазір жылдың қай мезгілі? · Бір аптада неше күн бар? ІІ-тапсырма 1-10ға дейін тура және кері сана. ІІІ-тапсырма Геометриялық пішіндерді ата? · Балалар төртбұрыш қандай затқа неге ұқсайды? · Дөңгелек неге ұқсайды? · Үшбұрыш неге ұқсайды · Логикалық ойындар Оң қолымда үш алма Сол қолымда екі алма Қосқанда барлығын Болады неше алма? -Өте жақсы,балалар жарайсыңдар! Уақытты бағдарлау туралы тақпақтар айтамыз. · Ұйқымыздан тұрамыз Беті-қолды жуамыз Әкемізге ереміз, Бақшамызға келеміз Бұл қай кез болады балалар? (таңертең) · Сабақ оқып, ойын ойнап, Серуендеп қайтамын Тамағымды ішіп Түсте ұйықтап жатамын. (Күндіз) · Біз тәртіпті баламыз Сабақты да оқимыз Серуенге шығамыз,қыдырамыз Бұл қай кез? (Түс) · Ұйқыдан тұрып,беті- қолды жуып Төсекті жинап тазалықты сақтап, Таза ауа жұтып,кешкісін үйге қайтамын Бұл қай кез? (Бесін) · Күн батады қызарып, Мамамызды күтеміз Бұл қай кез? (Кеш) · Үйге келіп кино көріп Ойыншықтарды жинастырып Беті-қолды жуып,тісімді тазартып Ұйықтауға жатамын Бұл қай кез? (Түн) Мен қолдарымды жазамын Суға сүңгіп аламын Суда жүріп жүземін Оң қолымды бір қағып Сол қолымды бір қағып Қолдарымды қатайтып Мен азамат боламын. Сандықпен қоштасу: сиқырлы сандықтың тапсырмасын орындап болсақ,сандықпен қоштасайық.балалар біз бүгін 1-10ға дейінгі сандар мен таныстық.Пішіндермен таныстық.Енді осы пішіндерден шайнек құрастырып жапсырайық. Дидактикалық ойын: Кім жылдам? Мақсаты: балалар қолының ұсақ қимылдарын дамыту.Түстерді ажырата білуге үйрету. Балалар біз бүгін оқу іс-әрекет барысында не үйрендік? Қонаққа кім келді? -Өте жақсы балалар! -бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқандарың үшін күннің кәмпиттен жасалған шуағы арқылы бағалаймын. |
Шеңберде тұрып орындайды, сәлемдеседі
Деніміз сау болсын! Анамыз ауырмасын Үш дегенім-үйім Үйде жақсы күйің Бақшадан да қалма Тап-таза боп киін Жаз,күз,қыс,көктем Күз 7 Балалар мұқият тыңдап өлеңдерін айтады Балалардың жауаптары тыңдалады. Неше қоян қалыпты Орындыққа, т.б Алма,доп Тау Екі қоян болыпты Сәбіз жинап теріпті Біреуі қорқып қашыпты Неше қоян қалыпты Жауаптары тыңдалады Іс-қимыл әрекетпен орындайды. Сиқырлы сандықпен қоштасады. Дидактикалық ойындарға жауап береді. Сандық Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:1-10ға дейін тура санауды
Игерді: Дидактикалық ойындарды
Меңгерді: есту арқылы санай білуді,уақытты бағдарлауды меңгерді.
