Кесіндінің ортасының координаталары. Екі нүктен ің ара қашықтығы
О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебі Қарқаралы қаласы математика пән мұғалімі Мукашева Каракоз Аманбековна
10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Кесіндінің ортасының координаталары. Екі нүктенің ара қашықтығы.
Мақсаты:
1. Екі нүктенің ара қашықтығын олардың координаттары арқылы
өрнектей білу. Кесіндінің орталарының координаталарын анықтай білу.
2. Оқушының дүниетанымын, логикалық ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік
жасау. Математикалық сауаттылықты есеп шығаруда пайдалану.
3. Оқушыларды ұжымдық жұмыс істеуге, білімдерін бірлесе отырып
шыңдауға үйрету.
