Құлақтан үнің кетпестей, Соғылды, соңғы қоңырау
Калиева Сания Еркинкызы
Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қ. Жазықов атындағы орта мектеп
Оқу ісінің меңгерушісі
1-жүр. Армысыздар , құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүр. Қайырлы күн , қадірлі ата-аналар мен қонақтар!
1-ж: Бүгін – алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдық мәреге жеткен күн.
2-ж: Бүгін – «Мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастықпен кешкен күн.
1-ж: Бүгін – атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
2-ж: Бүгін – әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
1-ж: Бүгін – әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн.
2-ж: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
1-ж: Бүгін – ұстазының жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн:
2-ж: Бүгін – арман қуып, алысқа аттанған күн.
