Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Сабақтың тақырыбы: Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру
Дамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.
Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер : компьютер, электрондық оқулық, таратпа, интерактивті тақта, Power Point- та жасалған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) ұжымдық әрекет;
