Табиғатсыз адамдардың күні жоқ
Сабақтың тақырыбы: Табиғатсыз адамдардың күні жоқ.
Сабақтың мақсаты: туған жер табиғатын қорғауға тәрбиелеу. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге үйрету. Оқушылардың айнала қоршаған табиғатқа деген жауапкершілік қарым – қатынасын, экологиялық санасын қалыптастыру
Мұғалім: Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер – Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар – бір – бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
Туған жер деген сөзде терең ұғым бар, әрі ол әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Туған жердің барлық табиғи қадір – қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды. Адамның барлық өміріндегі тағдыры да туған жермен тамырласып, өзектесіп жатады.
