Оқушыларды шығармашылыққа баулу
Оқушыларды шығармашылыққа баулу
Мусрепова А.Қ
Ақтөбе қаласы №51 гимназия
Шығармашылық оқытылған ережені сақтай отырып, бәріне бірдей ортақ тақырыпта жұмыс істеп, ерекше зат жасай білуінен көрінуі керек. Демек, тақырып және жұмысты орындау ережесі бәріне ортақ болады, ал жұмыс түрлерін балалар өздері таңдап алады. Тіпті бала «туа дарынды» болса да ересектердің жетелеуінсіз одан шығармашылық және қандай да бір игі жұмыс күтуге болмайды. Сондықтан жұмысты дұрыс, саутты атқаруға бірден үйрету керек. Мұндай жағдайдағы сауаттылық – ол бәрінен бұрын міндеттерді шешудің, шығармашылықпен жұмыс істеудің ережелері мен тәсілдері. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа үйрету барысында оқытудың жалпы мақсаты мен міндеттерін жоспарлап есепке алу керек.
