Алтын күз

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы

Жаңақоныс негізгі мектебі

Утебаева Жанаргүл Серікқызы – тәрбие ісі меңгерушісі

«Алтын күз» күзгі балл кеші

1-жүргізуші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңдер қарсы алайық!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар! Қадірменді оқушылар мен ата-аналар, ұстадар! Бүгін біздің мектебімізде «Алтын күз-2013» атты күзгі балл кеші.

1-жүргізуші: Жерге үзіліп түседі,

Қызыл, жасыл алмалар.

Жапырақтар сарғаяр,

Жалғызсырап ағаштар – дей отыра күзгі балл кешімізді ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші: Келді міне, алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді әр ісімен

Риза етіп халқын қыз.

1-жүргізуші: Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде болмасын – тамаша дүние. Күз келсе – біз сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз, қыс түссе – аппақ қарда алысып ойнаймыз, / қысқы ойындардың өзінің бір ерекшелігі бар емес пе?; көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күннің сәулесіне қыздырынып, жаңадан бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай боламыз; ал жазда – көлге барып, суға түсіп, жазғы демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.

2-жүргізуші: Ия, өте дұрыс. Ақындар да әр жыл мезгіліне тамаша өлеңдер жазып, табиғаттың сұлулығын өлең жолдары арқылы бізге жеткізген. Сол өлеңдердің көбін біз мектепте оқып, жаттап жүрміз ғой. Жыл мезгілдерінің бәрі тамаша. Әйтсе де, бүгін біз КҮЗге деген құрметімізді көрсетпекшіміз.

Құрметті қауым! «Алтын күз» мерекесінің бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1. Топты таныстыру /топтың аты, эмблемасы, киімдері/

2. «Күз ханшайымдары мен Күз ханзадалары» жарысы

* «Менің сүйікті жыл мезгілім» тақырыбында шағын шығармалар байқауы

* Өз өнерін көрсету

* Сән үлгісі

* Ас мәзірі

3. «Күз» тақырыбына үздік плакат

4. «Күз сыйы» – көрме

5. «Күзгі көріністер театры

6. «Кім жылдам?» ойыны

Әділқазылар алқасын таныстыру

1-жүргізуші: Салықын тартып күз демі,

Білдіреді күз нені?

Шым еткізер жүректі

Тырналардың тізбегі, – дей келе, бірінші топ 9 –сыныпты ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші: Ызғырықты жел өтіне

Шыдап баққан тербетіле.

Ағаш біткен шашып жатыр

Алтын теңге жер бетіне

Ортада екінші топ 8- сынып.

1-жүргізуші: Тұратұғын құлап көктен,

Күн де салқын қыратты өпкен

Момақансып, сылдыр қақпай,

Жылтырайды бұлақ біткен.

Үшінші топ 7 –сыныпты қошаметпен ортаға шақырайық.

2-жүргізуші: Құлақ түрсең аңдай қалып,

Күз кеткендей әнге айналып.

Жел сынсытса, қобыз тартып,

Қыр тыңдайды таңдай қағып.

Төртінші топ 6- сыныпқа кезек берсек.

1-жүргізуші: Әлсін-әлсін күркілдеп,

Ашу қысып,

Зіркілдеп.

Бұлт

Оттығын шаға алмай,

Желп-желп етер шыр-пыр боп.

2-жүргізуші: Гу- гулейді жел өктем,

Қашты ебелек дедектеп

Сол, сол екен…

Боз тұман,

Құрды перде кенеттен.

«Күз ханшайымдары мен Күз ханзадаларының» сайысын тамашалайық, көрермен қауым!

1-номинация – «Менің сүйікті жыл мезгілдерім» тақырыбында шағын шығарма байқауы

2-жүргізуші: Алма пісті бағымда,

Пісті балдай қауын да.

Жүзімдер тұр мөлдіреп,

Үзер шағын келді деп.

Алтын дәнін сары дала

Құйып жатыр қамбаға.

Күз еңкейе береді,

Жер жемісін тереді.

Келесі кезекте «Өз өнерін көрсету»

1-жүргізуші: Қолшатырлар көбейіп,

Бұлт тамшылары өңірді.

Келді міне алтын күз,

Аспан жасы төгілді.

Күн қайтадан ашылды,

Ерке-шолжаң бейне іс.

Таңқалдырар адамды

Мың құбылған бейнесі.

Күз тақырыбына үздік плакат

2-жүргізуші: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз.

Қала да, дала да

Жанның бәрі жарқын күз.

Балақайлар алақайлап,

Мектеп іші нұрланды.

Астық жыры, шаттық жыры

Қырман басы думанды.

Қарқынды еңбек

Әр күн өрлеп,

Әр ісіне сүйсінді.

Ән тасқыны, жыр тасқыны

Ырыс болып құйылды.

«Сән үлгісі» номинациясына кезек берсек

1-жүргізуші: Табиғатты адамзат аялаған,

Егін егіп, мал бағып саялаған.

Қарасындай көзінің қорғай жүріп,

Қамқорлығын ешқашан аямаған, – деп ақын ағамыз жырлаған екен.

2-жүргізуші: Тамаша. Ал, Мұқағали атамыз «Табиғатты өлеңмен өрнектеп…» деген өлеңінде былай деген екен:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,

Пәк табиғат жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамзат, қалай ғана қатыгездік жасайсың?

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.

1-жүргізуші: Өте жақсы. Олай болса біздің балалар табиғатты қалай сүйетіндерін байқайық. Ал ол үшін кезекті «Плакттар» байқауына берейік. «Күз» тақырыбындағы плакаттар байқауы.

2-жүргізуші: Қаңғалақтап құлдилайды жапырақ,

Сарғыш тартып мынау дала, атырап.

Күн шуағын жинай алмай тұрғандай

Қатар-қатар шөмелеге шашып ап.

1-жүргізуші: Жемісімен мөлдіреген бағы бар,

Сары күздің саумал сазы танымал.

Самал желмен баяу ғана толқиды

Сары масақ, қауызында дәні бар.

2-жүргізуші: Сары шалғын сыбдырласа белеңде

Салқын тартты сабыр тауып өзен кей.

Өрлі-төмен құлдилайды құс біткен

Қайтар кезін ойламайын дегендей, – деген өлең жолдарымен бүгінгі күз меркесіне арналған кешімізді аяқтаймыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі жеңіске жеткен топты және «Күз ханшайымы мен Күз ханзадасын» құттықтаймыз! Жеңістерің құтты болсын! Келесі

Алтын күз 2013.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше