Татулық – өмір тірегі
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз селосы
Кенбай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарамурзина Асыл
Тәрбие сағаты
Сыныбы: 3г
Тақырыбы: «Татулық – өмір тірегі»
Мақсаты:
· Балалардың «достық» «бірлік» «ынтымақ» және «халық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
o Халықтар достығы, жарастығы бірлігі туралы түсініктерін қалыптастыру;
o Достыққа бейімділік саналарын дамыту;
o Ынтымаққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу:
Көрнекілігі:
Үн таспа, әр ұлт өкілдерінің суреттері
Тәрбие сағатының жоспары:
I. Өлең
II. Әңгімелесу
III. Достық туралы тақпақтар:
IV. Мақал – мәтелдер:
V. Достық нұры
VI. Тапсырма
VII. Тыныштық сәті
VIII. Жүректен жүрекке
IX. Қорытындылау
Тәрбие сағатының жүрісі:
Өлең
Туысқан ел
Ж.Жабаев
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин.
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыты әлі асқақтап,
Құлаққа дауысы кеп жатыр.
Халықтар достығын ұғындыру мақсатында өлең мазмұны талқыланады.
Әңгімелесу
Мұғалім:
«Бірлік» «татулық» туралы не білесіңдер?
«Қазақстан неліктен достықтың мекені» деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: – Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тұрады, бәрі де бір ұлттың балаларындай, барлығы да бір – бірімен тең құқықта қарым – қатынас жасай алады, бірдей еңбек етеді. Олардың арман тілектері де бірдей, өйткені бәрінің де жүрегі туған өз отаны -Қазақстан деп соғады.
Достық туралы тақпақтар:
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
(Аманбеков Әлмұхаммед)
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы,
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
(Болатқызы Ақерке)
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
(Тұрлан Нұрбақыт)
Мақал – мәтелдер:
ü «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» (Қуан Абдолла)
ü «Отан – қуат, отбасы – шуақ» (Абдолла Нәбидолла)
ü Егемен елдің еңсесі биік (Жеткізген Жаңылсын)
ü Еліңе қарап ертеңіңе қамдан (Жұмагелді Іңкәр)
ü «Елің – панаң, жерің – анаң» (Тастаев Қайырбек)
ü Жері байдың – елі бай (Есенқұл Нұрханым)
ü Өз елің – алтын бесік (Қоңырбай Дәурен)
ü Елдің күші елу батпан (Түгелбай Асыл)
Достық нұры
Мұғалім:
Қазір мен тақтаға достық шапағын ілемін. Бұл шапақтан жан – жаққа шуақ шашылуы үшін қоржында берілген сөздерді ашып оқып «нұр таратамыз».
Тапсырма
«Менің елім бақытты» тақырыбына әңгіме құрастыру және жеке оқушылар баяндап айтады.
Тыныштық сәті
Оқушылар терең тыныс алып, көз алдарына достарымен бірге болған қызықты кездерін елестетеді.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңберге тұрып, қол ұстасып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін екі тілде орындайды.
Қорытындылау
