Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі м аңызы
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз селосы
Кенбай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарамурзина Асыл
Сабақ жоспары
ІІІ-сынып Дүние тану
Сабақ тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Сабақ мақсаттары:
1. Пайдалы қазбалар туралы мағлұмат беру, оның адам өміріндегі пайдасын әңгімелеу.
2. Сұрақтар арқылы таным белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
3. Еліміздің байлығын, қорғауға, туған жер табиғатына сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын тексеру: «Бос тау жыныстары».
Оқушылардан жекелеп сұрау.
II. Өтілген тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алу:
– Суды не үшін пайдаланамыз?
– Жер шарының қанша бөлігі су?
– Тау жыныстары қалай түзіледі?
– Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?
– Тас қалай пайда болды?
– Құмтас туралы айт.
– Мұнай туралы не білесің?
– Тас көмір қандай болады?
– Граниттің қандай пайдасы бар?
– Тау жыныстары қандай болады?
III. Жаңа сабақ:
Тақырыпты дәптерге жазу:
Жер қойнауында түрлі қазба байлық жерден қазып алып қажетіне пайдаланады. Табиғаттағы заттардың бәрі адам игілігіне жұмсалады. Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атаймыз.
Тұз – көлдердің түбінен алынады. Тамаққа, дәрі жасауға, адамды шомылдыруға, мұзға себеді, мұзды ерітеді.
Тұз – қатты, ащы, ерігіш, еріткіш, емдік қасиеті: тамақты шаю, шашқа пайдалы, тіске пайдалы. Көп мөлшерде пайдалануға тыйым салынады, бүйрекке, жүрекке, өтке, қуыққа, қан–тамырларына зиян.
Тас көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанармай– тамақ пісіру, үй жылыту, зауыт, фабрика, электр станциялар, транспорттар жұмыс істеуі үшін керек. Құрылыс материалдары: құм, саз,әк, тас –үй, зауыт,фабрика,т. б.құрылыстар үшін керек.
Металл – әртүрлі көліктер, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қажет.
IV. Картамен жұмыс
· Көмір – Екібастұз, Қарағанды
· Мұнай, газ – Атырау, Ақтау, Ақтөбе,Орал
· Ас тұзы – Атырау, Жамбыл, Индер
· Металл – Жезқазған, Өскемен.
V. Оқулықпен жұмыс
Сурет бойынша әңгімелеу, мәтінді оқыту, сұрақтарға жауап алу.
VI. Өз бетімен жұмыс
4 топқа тапсырма:1-топ – тас көмір, 2-топ- тұз,3-топ – су, 4-топ – газ жөнінде оқушыларға сипаттама жазу және оқыту.
o Тас көмір – түсі қара, қатты, жылтырайды, қызуы күшті.
o Ас тұзы – ащы, қатты, ерігіш, еріткіш, түсі ақ.
o Су –үш күйде болады: сұйық, қатты, бу, иісі жоқ, мөлдір, аққыш.
o Газ – иісі бар, түссіз, көзге көрінбейді.
VII. Табиғат туралы кім көп біледі?
1. Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол ырыс пен қазынаның қайнар көзі.
2. Табиғаттың басты байлығы – жер.(Ақерке)
3. Жері байдың – елі бай.(Беймырза)
4. Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғаттан таралыпты.(Жақсыбеқ)
5. Табиғаттағы барлық нәрсе адам игілігі үшін жұмсалады.(Нұрханым)
6. Табииғат – адамзаттың нәрі,
Қажетіңнің табылар содан бәрі.(Нұрбақыт)
VIII. Тест жұмысын жүргізу және қорытындылау
1. Бос жыныстар:
| А. Көмір | Ә. Мұнай, газ |
| Б. Гранит | В. Құм мен саз |
2. Қайрақ ретінде қолданылады
| А. Гранит | Ә. Саз |
| Б. Қатты тас | В. Құмтас |
3. Су өткізбейтін тау жынысы
| А. Құм | Ә. Тас |
| Б. Топырақ | В. Саз |
4. Ескерткіштер жасалады.
| А. Тастан | Ә. Кірпіштен |
| Б. Құм мен саздан | В. Граниттен |
Тест жауабы: 1 – в, 2 – в, 3 – в, 4 – в.
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, мазмұнын айту.
