Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық техн ологияларды оқып үйрену

Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды оқып үйрену.

Ермекова Нағияш Реймбаевна №2 «Жанар»балабақшасы педагог-психолог

Жаңаөзен қаласы

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша: Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды. Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Өз бетімен білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы.
Қазіргі заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үдерістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Жаңа өмірдің стандарты «Жалпыға бірдей білім, өмір бойы білім алу».Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды оқып үйрену кезеңі – бұл кезеңде тәрбиешілер ақпарат көздерімен жұмыс істеп, ғылыми- педагогикалық, әдістемелік әдебиетерге талдау жасауға үйренеді.

Эксперимент жұмыстарын жүргізе алу дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін тиісті зерттеу үргізуге қажетті білім көлемін арттыру жолдарын табу керек.

2. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тәрбиелеу мен

білім беру мазмұнына қатысты пайдалануда кейбір тәжірибелер жинақтау

кезеңі – эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті тәжірибе

қалыптастыру. Ол үшін тәрбиеші арнайы эксперимент жоспарын құрып,

бақылау, қалыптастыру және қорытынды эксперимент жүргізеді.

3. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалануда

өзіндік зерттеу жүргізу кезеңі – мұнда балалармен зерттеу жұмысын жүргізу,

пікірін дәлелдеу, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ол

үшін тиісті зерттеуге байланысты білімдер жинақтау, әдіс тәсілдердің тимдісін

таңдай білуге дағдылану.

Аталған мақсаттар мен міндеттер өзіміз көріп отырғандай балалардан үлкен

жауапкершілік пен өз бетімен жұмыс істеуге деген құлшынысты талап етеді.

Алайда, қазіргі уақытқа дейін балалар әрдайым тәрбиешінің жетегімен

оқу- Іс-әрекетке жасалған талдау бойынша кез-келген іс-әрекеттің нәтижесі

болатындығы белгілі болды. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық

технологияларды пайдалану арқылы шығармашылықты дамытуда тәрбиешінің

күтетін нәтижесі кестеде көрсетілген. Бұл мақсаттарға сәйкес тәрбиешінің

жұмысынан күтілетін нәтижеге қол жеткізу жолдарын үш кезеңге бөліп

отырмыз:

1. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды оқып үйрену

кезеңі – бұл кезеңде тәрбиешілер ақпарат көздерімен жұмыс істеп, ғылыми-

педагогикалық, әдістемелік әдебиетерге талдау жасауға үйренеді. Эксперимент

жұмыстарын жүргізе алу дағдыларын қалыптастыру. Ол үшін тиісті зерттеу

жүргізуге қажетті білім көлемін арттыру жолдарын табу керек.

2. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды тәрбиелеу мен

білім беру мазмұнына қатысты пайдалануда кейбір тәжірибелер жинақтау

кезеңі – эксперимент жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті тәжірибе

қалыптастыру. Ол үшін тәрбиеші арнайы эксперимент жоспарын құрып,

бақылау, қалыптастыру және қорытынды эксперимент жүргізеді.

3. Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалануда

өзіндік зерттеу жүргізу кезеңі – мұнда балалармен зерттеу жұмысын жүргізу,

пікірін дәлелдеу, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ол

үшін тиісті зерттеуге байланысты білімдер жинақтау, әдіс тәсілдердің тимдісін

таңдай білуге дағдылану.

Аталған мақсаттар мен міндеттер өзіміз көріп отырғандай балалардан үлкен

жауапкершілік пен өз бетімен жұмыс істеуге деген құлшынысты талап етеді.

Алайда, қазіргі уақытқа дейін балалар әрдайым тәрбиешінің жетегімен

оқу- білімді игеріп келді. Сонымен қатар олар оқу-зерттеу жұмысының не екендігі,

ол қалай жүзеге асатындығына арнайы назар аудармады десек қателеспейміз.

Осыған байланысты оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру көп уақыт пен

қажырлы еңбекті, әрине үлкен шығармашылықты талап етеді.

Сонымен қатар көптеген педагог-зерттеушілер шығармашылық тек біржақты

болған жағдайда тиісті нәтиже бере бермейді деп ескертеді. Егер тәрбиеші өз

шығармашылық іс-әрекетімен балалардың да шығармашылық белсенділіктерін

арттыруды көздемесе, бұл шығармашылық әрекет жүзеге асты деп айту қиын.

Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің біріккен шығармашылық әрекеті әсіресе

тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жүзеге асыруда өте маңызды. Өйткені

мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдаланудың өзі

бастан аяқ шығармашылық әрекетті талап етеді. Бұл тәрбиеші тарапынан

мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану

барысында қарым-қатынас жасудың тиімді жолдарын таңдау, зерттеу

жүргізудің теориялық құрылымымен таныстырудағы тиімді әдістерді

пайдалану, балаларды белсенді іс-әрекет етуге үйрету барысында көрініс

табады. Тәрбиешінің шығармашылық әрекеті аталмыш іс-әрекетті

ұйымдастыру барысында тәрбиелеу мен білім беру үдерісінің мақсаттары мен

міндеттерін толық қамтып, оны жүзге асыруда маңызды рөл атқарады.

Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің бірлескен шығармашылық әрекеті екі жақ

тарапынан бір мақсатақа бағытталған. Мысалы, балалардың дербес іс-әрекеті

барысында олар өз қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатын көздесе,

тәрбиеші балалардың ізденушілік белсенділіктерін арттырып, олардың

қызығушылықтарына жауап беріп, білімін арттыру және шығармашылықпен

жұмыс істеуге дағдыландыру сияқты мақсаттарды жүзеге асыру үшін қызмет

етеді. Осындай екі жақты шығармашылық әрекет үлкен нәтиже береді.

Тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс істей отырып, балаларды да қатып

қалған қағидалардан алшақтатып, еркіндік беру арқылы, оларың

шығармашылық қабілеттерінің көрініс табуына жол ашады. Яғни, педагогтің

шығармашылық әрекеті баланың шығармашылық қабілеттерін оятады, осындай

екі жақты іс-әрекет арқылы нәтижеге қол жеткізіледі. Егер де біз тәрбиеші

тәрбиелеу мен білім беру үдерісін және дербес іс-әрекетті тиісті

шығармашылықпен ұйымдаcтыра алады деп қарастыратын болсақ, онда

бірлескен шығармашылықты былай көрсетуе болады: тәрбиешінің

шығармашылық әрекеті балалардың шығармашылығына жол ашады

нәтижесінде: балалар тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын толық игереді және

дербес іс-әрекетпен айналысу дағдыларын меңгереді. Сонымен қатар,

тәрбиешіде мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды

пайдалануда білімнің мынандай сапалық көрсеткіштері болуы керек.

Білімнің толықтылығы – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық

технологияларды пайдалануға қатысты барлық ұғымдар мен түсініктерді

меңгеру, теориялық және әдістемелік жағынан дайындығы.

Білімінің тереңдігі – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық

технологияларды тәрбиелеу мен білім беру үдерісінде пайдалану ерекшеліктеріне мән беріп, олардың өзара байланысын ажырату, ең

маңыздысын таңдай білу.Бірізділік – білім мазмұнын ретімен, мазмұнды біртіндеп күрделендіре отырып оны баланың саналы түрде қабалдауына жағдай жасау, бар білімнің жаңа білім тудыратындығына негіз болатындығын түсіну, оны пайдалана білу.

Жүйелік – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды

пайдалануда алға қойған мақсаттардың ең негізгісін, одан туындайтын

мақсатты, қосымша мақсаттарды анықтай білуі керек. Зерттеудің әдістерін

қолдану, зерттеуді жоспарлауда жүйелі түрде жұмыс жасау.

Нақтылық – бар білімдердің ішінен нақтысын ажыратып, қорытындылай алу.

Зерттеу жұмыстарының тақырыптарын нақтылау, мақсаттар мен міндеттер де

осы нақтылықты талап етеді.

Ауқымдылық – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды

пайдалану кезеңдерін ашып көрсете отырып, олардың тізбегін құрастыра білу,

жалпы ойды нақтылай алуы.

Жинақылық – мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды

пайдалануда білімді жинақы етіп ұсыну білігі, ойды шашыратпай нәтижесінде

тиісті білімдер ді жеткізе алу.

Тәрбиеші білімінің көрсеткіштерін біз мектепке дейінгі ұйымдарда

инновациялық технологияларды пайдалануда қажетті басты көрсеткіш деп

таныдық. Зерттеушілердің құнды пікірлерін қортындылай келе, мектепке

дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды пайдалану оң нәтиже беруі

үшін оны дұрыс ұйымдастыру маңызды деп таныдық. Мектепке дейінгі

ұйымдарда аталмыш іс-әрекетті ұйымдастыру барысында тәрбиеші

төмендегідей қағидаларды ескергені жөн:

Біріншіден, жүргізілетін жұмысты жоспарлау, мақсаттар мен міндеттерді

анықтау. Жоспар жасауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, білімін

арттырудан басқа да табандылық, ізденуге құмарлық, жауапкершілік

талаптылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру, қарапйым тәжірибе

жұмыстарымен айналысу назардан тыс қалмау керек. Балалардың жеке

қызығушылықтарына байланысты жүргізілетін жұмыс олардың тарапынан аса

жоғары белсенділікпен орындалады. Белсенді іс-әрекеттің нәтижесі міндетті

түрде болады. Тәрбиешінің балалардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыра алуы

оның шығармашылығының бір көрінісі болып табылады.

Екіншіден, тәрбиелеу мен білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыра алуы оның

бірізділігін сақтау. Яғни, балалармен білім беру жұмыстарын жүргізуде оның

тиімді жолдарын, қолданылатын әдістерін, формаларын нақтылап алу қажет.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды

пайдалану барысында осы жастаға балалардың қабылдау, есте сақтау

ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін жүргізуді оларға қызықты әрі,

жеңіл етіп көрсету абзал.

Үшіншіден, балалармен қарым-қатынас жасаудың ең тиімді жолын таңдау.

Баланың еркін ойлап, өз бетімен шешім қабылдап, әрекет етуіне толық

мүмкіндік беретін, оларды жасқанудан, қателесуден қорқудан сақтайтын

қарым-қатынас орнату. Балалар үнемі тәрбиешіден қолдау таба отырып,

өз пікірін, ойын ашық ортаға салуы керек. Мұнда, бұйрық беру, арнайы

тапсырмалардың орнына кеңес, бағыт беру басым болуы маңызды. Сондай

жағдайда баланың бойында өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне деген сенім туындап, іс-әрекетте батыл, әрі сенімді болады. Аталған қағидаларды жүзеге асыра отырып тәрбиеші мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды жас еркешеліктеріне сай пайдалануға үлкен шығармашылық таныта отырып табысқа жетері сөзсіз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше