Үй жануарлары
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Үшағаш ауылы
Габдрешова Эльмира
Білім салалары: Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары.
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру.
1. Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Оларды бір – бірінен ажырата білуге үйрете отырып,олардың пайдасы туралы айтып түсіндіру.
2. Дамытушылық: Үй жануарларына байланысты тақпақ,мақал-мәтелдерді қайталай отырып ,сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту.
3. Тәрбиелік:Үй жануарларына жанашырлыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері,бетперделер,жайлаудағы үй, «Үй жануарлары және жабайы аңдар» ойыншықтар.
Әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,ойын.
| Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Дәлелдеу-ояту | Қуан,шаттан,алақай
Күліп шықты күн бүгін Қайырлы таң,қайырлы күн! Сәлеметсіз бе,есенсіз бе? Бәріміз күндей жайнайық Бәріміз тату болайық! |
Балалар жарты шеңберде тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді |
| Іздену-ұйымдастыру.
Рефлексивті-түзету |
Жылдың қай мезгілі?
Көктем мезгілінде неше ай бар? Көктем айларын атаңдаршы? Бір аптада неше күн бар? Кәне,балалар апта туралы санамақ айтайықшы? Фонетикалық жаттығулар: Ах—ах—ах — Ой—ой—ой— Кі—КІ—КІ— Балалар бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.Үй жануарларын атайықшы? Суреттен көрсете отыр ып,балалардан сұрау. Мынау не? Мынау не? Мынау не? Мынау не? Жайлауда жайылып жүрген үй жануарлары мен төлдерінің суреттерін көрсете отырып,төлдердің қалай аталуын сұрау? Енді балалар, «Төлдер» әнін айтайық. Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар? Дидактикалық ойын: «Төлін тап» Мақсаты:Үй жануарларының және төлдерінің аталуын игеріп,бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Ойынның шарты:Балалар бір—бірден шығып жануарларды төлдерімен табыстырады. Мақал—мәтелдер айту. Ойыншықтармен ойын: «Жануарлар әлемі» Мақсаты:Үй жануарлары мен дала жануарларын ажыратып,мекендерін танып білу. Шарты:Үй жануарларын шарбаққа,дала жануарларын орманға орналастыру. Жұмбақ шешу: Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар? Басында екі таяғы бар Төрт аяғы бар Сегіз тұяғы бар Иегінде сақалы бар? Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар? Басында мүйізі бар Үстінде киізі бар Төрт сылдырмағы бар Бір шыбыртқысы бар? Сергіту: Қуыр-қуыр-қуырмаш Балапанға бидай шаш Сен тұр түйеңе бар, Сен тұр жылқыңа бар, Сен тұр сиырыңа бар Сен тұр қой,ешкіңе бар Ал сен үйде қалып Қазанның қаспағын қырып же. Үй жануарлары туралы тақпақ айту. «Жыл басына таласқан хайуанаттар»ертегісіндегі үй жануарларын рөлдерге бөліп ойнайық. Ерте,ерте,ертеде хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты. Түйе өзінің бойына сеніп «менен бұрын кім көрер дейсің»деп тышқанның сөзін қостап,басқаларға қарайды.Көп хайуанаттар таласып мен көремін,мен көремін деп тұрғанда тышқан жорғалап түйенің өркешіне шығып одан құлағына жетеді де «жылды» бұрын көреді. Сөйтіп қулығын асырған тышқан жыл басы болыпты. Балалар ертегі ұнады ма? Тышқан қалай жыл басы болды? Барып қайттық,ертегілер еліне Жылға таласқан хайуанаттар жеріне Алғыс айтам,сау болыңдар,балалар Ойнадыңдар шын көңілмен беріле. Іс-әрекетке жақсы қатынасқан балаларды мадақтау. |
Көктем мезгілі.
Көктем мезгілінде үш ай бар. Наурыз,сәуір,мамыр. Бір аптада жеті күн бар. Апта деген атайдың Жеті бірдей ұлы бар Біріншісі— дүйсенбі Екіншісі— сейсенбі Үшіншісі – сәрсенбі Төртіншісі – бейсенбі Бесіншісі ол– жұма Алтыншысы– сенбі ғой Жетіншісі — жексенбі. Секеңдейді лақ Қорда тұр қой Секіреді ешкі. Жылқы,түйе,сиыр ,қой,ешкі Бұл –жылқы. Бұл—сиыр. Бұл—қой. Бұл—ешкі. Түйенің төлі—ботақан Жылқының төлі—құлын. Сиырдың төлі—бұзау. Ешкінің төлі—лақ. Қойдың төлі—қозы Балалар әнді айтады. Үй жануарларының адамға пайдасы көп. Сүт,қымыз,шұбат,май,ет, жүн береді,көлік ретінде пайдаланады. Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады. Мынау түйе,түйенің төлі—бота. Мал өсірсең ,қой өсір Өнімі оның көл—көсір. Ат—адамның қанаты. Даланың көркі мал. Малды баға біл, Бабын таба біл. Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. Қой. Ешкі. Түйе. Сиыр. Балалар қимыл жасайды. Жалт-жұлт етіп лақ Жағалайсың бұлақ Секірем деп бірақ Қала көрме құлап. Айналайын ботам Қандай күлте жотаң Табандарың жалпақ Теріп жейсің жантақ. Құлыншағым,құндызым Құлдырайды шабады Жылтыраған жұлдызым Құстай қанат қағады. Балалар қуана келіседі. 1Жылқы бала:Мен алысты жақын қыламын.Адамдар күшімді пайдаланады.Адамға мен пайдалымын.Жыл басы мен боламын. 2Түйе бала:Жыл басы мен боламын,мен тамақ талғамаймын,ауырды көтеріп алыс алыс жерлерге барамын. 3 Cиыр бала:Жыл басы мен боламын.Адам менің сүтімді ішеді,құрт май жасайды.Жыл басы болуға мен лайықпын. 4 Қой бала:Жыл басы мен боламын,Менің жүнімді пайдаланады,киім тоқиды. 5Тышқан бала:Бұл таластан ештеңе шықпас «Жылды» қарап тұрайық. Кім жылды бұрын көрсе,сол жыл басы болсын Тышқан бала: Алақай,алақай! Күнді көрдім,алақай! Қулығыммен,ақылмен Бәрін жеңдім,алақай!. Ертегі ұнады. Тышқан қулығымен жыл басы болды.. |
Күтілетін нәтижелер:
Білу:Үй жануарлары және төлдері туралы білу.
Игеру:Үй жануарларына байланысты тақпақтарды,мақал-мәтелдерді,жұмбақтарды игеру.
Меңгеру:Ойындар мазмұнын,ертегіні рөлге бөліп ойнауды меңгеру.
