Бала шақтан болашаққа
Тақырыбы: « Бала шақтан болашаққа»
Мақсаты:
1. Білімділік: Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Өзінен үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Тәрбиеші:Құрметті ата- аналар, қонақтар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобында алғашқы түлектері өмірге араласпақшы. Бұлар көкбайрағын желбіретіп, ән- әнұранын асқақтатын Еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұлар ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын біздің болашағымыз. Бүгінгі күн ұмтылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз. Бүгінгі той иелерін, мектепалды даярлық тобын ортаға шақырайық.(Балалар ортаға кіреді.
Би: Вальс. Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
Дей отырып бүгінгі ертеңгілігімізді бастағым келеді!
Тәрбиеші: Бүгін біздің бір жыл мәпелеп, күтіп , тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектепалды даярлық топпен шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектеімізді тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.
Тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.
Тәрбиеші: Балалар бізге Маша келіп тұр екен. Сендер білесіңдерме оны? Ол да сендермен бірге бірінші сыныпқа барғысы келіп отыр! Бірақ Аю оған тапсырмалар беріпті. Ол сендерге көмек сұрауға келіп тұр! Көмектесеміз бе?
Балалардың жауаптары: Ия!
Тапсырма: «Кім жылдам сөз айтады»
Шарты: Ортаға әр түрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады, сол әріпке сөз айтады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Ал енди қазір бәріміз бірге ортаға шығып «Дос болайық бәріміз» әнін айтайық
Хор: «Дос болайық бәріміз»
Тәрбиеші : Ал енді балалар қараңдаршы біздің Машамызға Аю тағы бір тапсырма беріп тұр екен!Ол тапсырма сұрақтарға жауап беру. Кәне бәріміз оған көмектесейікші!Олай болса менде ойынды жалғастырғым келіп тұр «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Мектепке біз барамыз ба?
2. Кілең бестік аламыз ба?
3. Айтқан тілді аламыз ба?
4. Ақылды бала боламыз ба?
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
6. Сабаққа ерте тұрамыз ба?
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
9. Екі алғанда жылаймыз ба?
10. Оқушы біз боламыз ба?
Тәрбиеші: Енді жаңағы балаларға қойылған сұрақтар сияқты ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?
3. Тамағын уақытында бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
Тәрбиеші:Рахмет көп- көп
Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Тойымызға сән беріп
Би билейік тамаша
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік
Би: «Жорға биі»
Өсті ақыл- ойларын,
Дихан: Өсті міне бойларын.
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Раушан: Тоқта біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ертең өсіп толамыз
Білімді адам боламыз
Тәрбиеші: Алғашқы сөз кезегін алғаш білім ошағына келгенде алдарына күлімдеп қарсы алып, білім нәрімен сусындатқан Нұргүл Мұратжанқызы сөз кезегі өзіңізде.
Бекнұр: Үйреттіңіз әріпті,
Мектепте қиналмасын деп.
Айтқаныңызды бәрі ұқты,
Көрсетер пайдасын деп
Зарина: Көрсетіп әр кез әр қылық
Жай жүрмей аунап қарғыдық
Еркелігіміз көтерген
Кезгіңіз есте мәңгілік
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар бізде Аюдан тақтада тағы бір тапсырма келіпті! 10 бала керек.
Ойын «Тез тұратын сандар»
Шарты:Балаларға бірден 10 – ға дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Қараңдаршы Маша мен Аю сендерге өте риза болды! Енди Маша сендермен бірге бірінші сыныпқа баратын болды!
Бұл екінші үйіміз,
Қолқанат: Бір туғандай бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз
Жанерке: Үйреттіңіз санды да
Келер деп әлі- ақ алдында
Келешегімізді ойлап біздерге
Үйретпегеніңіз қалдыма?
Енді ата – аналар балалармен бірге ойын ойнайық. Ойынның аты «Кім жылдам?»
Шарты: Музыка уақытында орындықты айналып билеп жүру, музыка тоқтағаннан кейін орындыққа баласымен жылдам отырып үлгеру.
Рахман: Айтасыз қызық ертегі,
Мейіріміңіздің жоқ шегі.
Таныстарыңыз біздерді
Кең байтақ туған өлкем
Райхан: Әр ненің білдік мәнісін
Сыртын қойып және ішін
Айтамыз сізге мың алғыс,
Осылардың бәрі үшін
Тәрбиеші: тәрбиеленушілер ана тіліміз бен қоса ағылшын тілі және орыс тілінде қатар үйреніп шықты. Қазір сіздерге арнап ағылшынша ән шырқап береді.
Ән: «Әріптер сыры»
Досымхан: Өзіңнен көп дос таптым,
Бауыр баса бастаппын
Тәрбиешім мейірбан
Келмей тұр енді қоштасқым
Лаура: Қош бол ойыншықтарым
Жасырып кейде тыққаным
Кеткенде кешке қоштасып
Келгенде алдан шыққаным
Тәрбиеші:Жарайсыңдар! Олай болса, тентек болмауға, сабақта жақсы оқып, әдепті болуға ант етіңдер.
Бәрі: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
Би « балапандар» биі Ортада бишілер тобы.
Диплом тарату
Мектепалды даярлық тобының слайды
Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарың құтты босын!
Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда , тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз
Қорытынды:Білім ошағы мектеп. Білім теңіз, мектеп кеме. Бүгін тарыдай болғанмен, ертең ақ таудай болып мына мектепті бітірсеңдер. Білім мен өнер жиып, үлкен азамат боласыңдар. Жол ашқан бүлдіршіндеріміз даярлықпен қоштасып, 1 – сынып қадам басқалы отыр. Қадамдары құтты болсын деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Сөз кезегі ата – аналарда.
