Кк дыбысы мен әріпі

Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Үшағаш ауылы
Габдрешова Э.А
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебініңмектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Тақырыбы: Кк дыбысы мен әрпі

Мақсаты: 1. Дауыссыз К дыбысы мен әрпін таныту, жаңа сөздерді оқи, жаза білуге үйрету.
2. Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Ой – өрістерін кеңейту
3.Кітап оқуға, кітапты құрметтеуге шақыру. Білімділікке, тәрбиелілікке баулу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,баяндау,

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру

Сабақтың ұраны: «Оқу – білімде,

Білім – кітапта»

ІІ. Өткен сабаққа шолу

– Өткен сабақта қандай дыбыспен, әріппен таныс болдық?

– Е е дыбысымен, әрпімен.

– Бағандағы сөздерді тез, әрі сауатты оқиық

(Емен, еден, ел,ер, жер,жел, бел, бес, немере, немене, шешен, шебер, Ержан, Ерлан)

– «Емен» мәтінін тізбектеп оқимыз.

– Е дыбысына қатысты тақпағымызды еске түсірейік.

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Ой қозғау (Жұмбақтың жауабын шешу)

Сөзі – дана, үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң – шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап)

  1. «Таныс бол!»

► К дыбысымен таныстыру.

К – дауыссыз дыбыс. Сөздің барлық буынында кездеседі. (Күн, түлкі, үйрек, күшік, көкек)

► К әрпінің баспа, жазба түрлерін таныту.

3. «Сөз ойла, тез ойла!» ойыны (сөздер ойлай отырып, к дыбысыныңорнынанықтату)

К к к

4. «Сауатты оқып дағдылан!»

► Бағандағы жаңа сөздерді оқып таныстыру, мағыналарын түсіндіру.

► Сөздерді оқушыларға оқыту

  1. «Дыбыстарды анықта!» (дыбыстық талдау жасау)

► Картоп, кептер, текемет, комбайн.

  1. «Әдемі, аппақ баламыз,

Сауатты, көркем жазамыз»

(Дәптерменжұмыс. Үлкен, кіші к әріптерінің жазба түрлерін жазып үйрету)

  1. Сергіту сәті

Мақалдыңмағынасын ашу. «Кітап – білімбұлағы,

Білім – өмір шырағы»

(Кітаптықұрметтеуге, күтіпұстауғатәрбиелеу. Кітап оқуға, кітапханамен байланысуға шақыру)

  1. «Сен білесің бе?»

► Дүниежүзіндегіеңкішкентайқұс – колибри

► Мүлдем ұя салмайтын құс – көкек

► Дүние жүзіндегіеңүлкен балық – көк кит

► Хат таситын құс – кептер

  1. «Орным қайда?» ойыны

► Суретбойыншасөздердібуынғабөлгізіп, к дыбысыныңорнынтапқызу

Кү-шік, те-ке-мет, те-рек.

  1. «Кім тапқыр?»

1.Алып су көлігі

2.Шай ішетіныдыс

3.Хат таситын құс

4.Мүлдем ұя салмайтын құс

5.Күн батардағы мезгіл

  1. «Жоғалған әріп – қай әріп?» ойыны

► …ебеже, ме..теп, мере..ке

– Жыл мезгілдері нешеу?

– Жыл мезгілдері төртеу.

– Солардың ішінде к дыбысынан басталатын мезгіл бар ма?

– Көктем, күз.

Дұрыс балалар көктем,күз дегенде біз ең алдымен к дыбысын естейміз.

ІУ. Қорытындылау. Мадақтау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше