Ә дыбысы мен әріпі
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебі
Ғабдрешова Эльмира Әлібекқызы
Мектепалды даярлық тобы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
Тобы: Даярлық топ
Тақырыбы: Ә дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты:
а/ ә дыбысымен оның әріп таңбасымен таныстыру
ә/Балалардың сөздік қорын,тіл байлығын байыту. Есте сақтау,сөйлеу қаблеттерін арттыру
б/ Сауатты оқып жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын
Көрнекілігі: әріптің баспа және таспа түрі, әтеш, әтенешек, әліппелердің суреттері
| Іс- әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Ұйымдастырушылық- оятушылық | Кәне балалар біз бір- бірімізбен амандасып алайық.
Нұр құшып алыпты Арайлап таң атты Жарқырап күніміз Жер көкті оятты Қайырлы таң достар Балалар бізге бүгін қонаққа әже келіп отыр. Кәне бәріміз әжеге амандасайық. |
Тәрбиеленушілер бір – бірімен амандасып алады.
Есенсіз бе әже? |
| Іздену ұйымдастырушы | Әжеміз бізге құр қол келмепті, бізге жұмбағын ала келіпті. Кәне біріміз жұмбақты мұқият тыңдап шешуін тауып ала қояйық
Қызыл бұжыр айдары бар, Қоқиланған айдары бар Ауық-ауық азан салып Өңеш керген айқайы бар. бұл не? Біз бірінші қай дыбысты естіп тұрмыз? Бүгін қай әріппен танысады екенбіз? Балалар ә дыбысынан келетін тағы қандай сөздерді білеміз. Суретке қарайық. Сонымен балалар, ә дыбысы дауысты дыбыс болып келеді.Ол сөздің басында, ортасында кездеседі.мысалы: Әже сөзінде басында кездесе, пәтер сөзінде ортасында тұр. Енді балалар ә дыбысын бәріміз бірге ауада жазып көрелік. Сергіту сәті Отырамыз, тұрамыз, Мойнымызды оңға,солға бұрмыз Қолымызды жаямыз Құстар болып ұшамыз Аяқты бір басамыз Тез- тез қадам жасаймыз Қол соғамыз жабыла Кәне тағы, тағы да Енді балалар ә әріпін дәптерімізге таза, әдемі етіп жазамыз. Сөз ойла, көп ойла ойынын ойнату. Ә Суретке қарап әңгіме құрастыру. Әліппе дәптердегі сөздерді оқыту. |
Әтеш
Ә дыбысы Ә әріпі Әтеш, әтеншек,әліппе Ауада жазып үйренеді Орындарынан тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды. 2 топқа бөлініп ә дыбысынан келетін сөздерді айтысып жарысады. Әже, әке,әтеш,әпке Берілген тапсырмаларды орындайды. |
| Рефлексивтік түзету | Балалар біз бүгін қандай әріппен таныстық?
Ә дыбысы қандай дыбыс екен? Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі екен? |
Ә дыбысы
Дауысты дыбыс. Ә дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. |
