Сарыарқа – Баяндай батырлар мекені
Класы: 8 «б»
Күні: 1.02.2014 ж.
Пәні: Әдебиет, география (кіріктірілген сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Сарыарқа – Баяндай батырлар мекені.
Мақсаты: Әдебиет пен география пәндерін байланыстыра отырып Мағжан Жүмабаевтің Сарыарқа мекенінде болған «Батыр Баян» дастанын меңгерту.
Міндеттері
Білімділік: Шығарманың тарихи сипатына мән беріп, географиялық деректерге сүйене отырып, сюжеттік желісі мен идеялық мазмұнын ашу.
Дамытушылық: Поэма мазмұнында кездесетін географиялық атауларды анықтап, сипаттама беру арқылы іскерлік дағдыларын дамыту. Топпен жұмыс жасау қабілетін арттыру, өзіндік көзқарасын дәлелдеуге, талдап түйіндеуге, өз пірілерін қорғай білуге үйрету.
