Қ.Жұбановтың Қ.А.Яссауидің 95-толғауы турал
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қаласы №1 орта мектебінің
11 класс оқушылары Нұрғазина Дина мен Оразалина Айымның «Қ.Жұбановтың «Қ.А.Яссауидің 95-толғауы туралы» шығармасының қазіргі кездегі актуалділігі жайында»
атты ғылыми жұмысына
ПІКІР
Ғылыми жоба авторлары Нұрғазина Дина мен Оразалина Айым бұл тақырыпқа мейлінше мол дайындықпен келген. Өйткені аталған тақырып мектеп бағдарламасына енгізілмеген. Авторлар жұмыстың басты мақсатын жете түсініп, тақырыпты толық аша білген. Атап айтқанда, Қожа Ахмет Яссауидің 95-толғауын Қ.Жұбановтың жеріне жете талдап түсіндіргенін Жұбановтар өлкесінде өмірге келген жас ізденімпаздар өте жақсы түсінген.
Ғылыми жоба авторларына бүгінгі ғылыми айналымдағы көкейкесті мәселені көтеріп отыр деп баға беруге болады. Қ.Жұбановтың ғылыми өзіндік стилі мен дәстүрі бар, зерттеушілік ерекшелігі мол құбылыс ретінде қазақ әдебиетінің басты нысанасы болып қала бермек.
