Жаһандану жағдайында қазақ әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік деңгейі н жетілдіру
Жаһандану жағдайында қазақ әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушылардың рухани-адамгершілік деңгейін жетілдіру
Дошниязова Гүлназия
Мұғалжар ауданы Ембі №1 ОМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Халықтардың білім алу мүмкіндігі және білім беру деңгейі әлемдік қоғамдастықтың пікірінше, адамның даму тенденциясының көрсеткіші болып табылады. Осы білімнің негізінде мұрагерлік, ғылыми білімдерді қабылдау, жинақтау, мәдени құндылықтар және әдеп нормалары пайда болады.
Осы тұрғыда жаһандық білім беру жағдайында қазақ әдебиеті пәні мектеп бағдарламасындағы құрылымы күрделі пән болып саналады. Себебі оның ішкі мазмұнында көркем әдеби шығармалар, олардың тарихы мен теориясына қатысты ұғымдар, әдебиеттен ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстарының жүйесі, оқушының оқырмандық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қоса қамтылады.
