Нан-ас атасы
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы
ІІ-ші Шежін ауылы
ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасы
Айжарикова Гульбану Талаповна
І санатты мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі.
Еңбек өтілі-16 жыл
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Балалар көркем әдебиеті Тақырыбы: «Нан-ас атасы»
Құзыреттілікке жеткізілетін – ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет міндеттері
Ақпараттық құзыреттілік Коммуникативті құзыреттілік Проблеманы шешу құзыреттілігі Дән тұқымымен танысу, бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. А) Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру. Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру. Ә) Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру. Б)Нанға, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
