Ана сенің жүрегіңдей жүрек жоқ
БҚО Ақжайық ауданы Лбішін ауылы Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Бактыгулова Айнагул Мауленбаевна.
Ашық тәрбие сағаты: «Ана сенің жүрегіңдей жүрек жоқ»
Мақсаты: Аналарды, ұстаздарды, аруларды мерекелерімен құттықтау, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу.
Көрнекілігі: залды мерекеге сай безендіру, ұстаздарға арналған құттықтау плакат
Би: «Кең жайлау» Рахметова Айнұр.
Бексұлтан:1 – жүргізуші:
Ана деген – жүректегі асыл ән,
«Ана – бақыт» деген сөзге қосылам.
Анаға арнап айта берсең сөз жетпес
Ол дегенің – өмірдегі асыл жан!
Санжар:2 – жүргізуші:
Армысыздар, асыл аналар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар! Сіздерді
8 – наурыз «Халықаралық әйелдер» күні мерекесімен құттықтаймыз!
1 – жүргізуші:
Дүниедегі барлық өмірдің сарқылмас бұлағы – ана. Ақын да, батыр да анадан туады.
Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның несібесі.
Ананың көзінен төгілген нұр жан – жағына шуағын шашады, олай болса
– Балалар, сендерге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
– Ана
2 – жүргізуші:
«Өмірде ана – бұлақ, ана – пана
Өмірді өркендетер ана ғана»- дей келе бүгінгі 5-6 сыныбтарында өткелі отырған «Ана сенің жүрегіңдей жүрек жоқ » атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1 – жүргізуші:
Армысыз, еліміздің асылдары,
Жайнаған көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Ән: « Ана туралы жыр» хор.
2 – жүргізуші:
Шырылдап жерге түскеннен – ақ біздің ең жақынымыз
1 – жүргізуші:
Ең бір досымыз.
2 – жүргізуші:
Ең бір ұстазымыз
Бірге: Ол – Ана
1 – жүргізуші:
Ананың жолы басқа
Ана деген сөздің өзі ыстық
2 – жүргізуші:
Ана десе толқымайтын жүрек
Тасымайтын қан
Сезбейтін сезім болуы
Бірге: Мүмкін емес
дей келе келесі кезектіАқұштап Бақтыгерееваның ана тақырыбында жырлаған өлеңдеріне береміз.
Ана жүрегі оқитын:Балғабаева Ақбаян.
· Махаббат, сені қиын жырлау бүгін,
Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым.
Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз,
Болды екен
қанша ғұмыр құрбандығың?
Ән болдың таңдайдан бал тамызғанша,
Мұң болдың көзден жасты ағызғанша.
Мәңгі жас сен жайында дастан бар-ау,
Мәңгі өлмес сен туралы аңыз қанша?!
Жалындап жас жүректің бар қызуы,
Жастықтың басталғанда бал қызығы,
Ертеде сұлу қызға болған ғашық
Ананың әлпештеген жалғыз ұлы.
Сол қызға жолығатын батыл әлгі
Бір күндер төсек тартып жатып алды.
Ұйқыға кетсе шошып аласұрып,
Анасын айқай салып шақырады.
Гүл өңі алау тартып жайқалмайды,
Сауығу мынау халден байқалмайды.
Ол бірақ ішін өртеп жатқан жайды
Ашылып анасына айта алмайды.
Қыз атын айтса ауыздан зар шығыпты,
Құс жастық аққан жасқа малшыныпты,
Дертіне сағыныштың шыдай алмай,
Жас жігіт құр сүлдер боп таусылыпты.
Қинады қыздың шарты, бөлек екен
О сұлу, неткен қатал керемет ең?!
«Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын», – деген екен.
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде, –
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол міне, қыздың шартын орындады,
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы.
Ананың кезі бар ма кекті болған
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек
«Құлыным, байқасаңшы», – депті оған…
Осындай аңыз қалған халық ішінде,
Кім білсін махаббаттың даңқы үшін бе?
Болмаса жоқ нәрсені болғыз дейтін
Қыз кездің тәкаппарлық салты үшін бе?
Осы аңыз естігенге қатал-ақ тым.
Дәстүрге қарсы анадан бата алатын,
Кім білсін дәлелдеуге шығарды ма,
Ананың айнымайтын махаббатын?
Ана махаббаты оқитын: Төлебаева Ақжарқын.
Әрдайым татулықтан көңілі өскен
Ешқашан бір-бірінен бөлінбестен,
Ертеде бір ауылға аңыз болған
Бір үйде екі абысын өмір кешкен.
Екі әйел тату болған шынында да,
Жүз шайып ұрыспаған ғұмырда да.
Тел еміп екі ананың ортасында
Өсіпті еркін ерке – бір ұл бала.
Өскен ұл өзі ақылды, арманы асыл.
Көргенде келбетіне таңданасың,
Ер жетіп, аң аулауға шыққан кезде
Ажалдан құтқарыпты ол хан баласын.
Хан барып өжет ұлды көрмек болған,
Сый сұрап жігіт өзі келмепті оған.
Батырдың анасына алғыс айтып
Ғажайып сарай салып бермек болған.
Қайтар ма пейілінен бір ауса хан,
Қайтару жақсылығын құмар-саған.
Қайсысы екі әйелдің анасы деп
Уәзірден кешіктірмей сұрау салған.
Туғалы ешнәрсені бөліспеген,
Екеуі не істе десе соны істеген,
«Екеуі менің туған анам» десе
Хан жігіт жауабына келіспеген.
«Анаңмен
– уәзір – ханға жүр» дейді екен,
(Бұл халық татуды да күндей ме екен?)
Туғанын екі ананың қайсысынан
Жігіттің өзі де анық білмейді екен.
Бұл жайлы тіс жармаған бәле тіпті
Айтпапты екі әйел де төрелікті.
Шынында қайсысынан туды екен деп
Сол кезде ел де гулей жөнеліпті.
Бұл сауал қос ананы қапа қылды
Жігіт те ханға талай апарылды.
Сыйдан да, сарайдан да бас тартып ол
Жалынды ханға «қой – деп – шатағыңды».
Бір кезде татулықтың өлшемі еді,
Енді ол үй қасіреттен теңселеді.
Өжет ұл туған әйел қайсысы деп,
Білуге жағдайды хан өршеленді.
Бір күні ханның үні жаңғырықты.
Ел жинап сарай алдын шаң қалыпты,
Жігіттің қол-аяғын байлатқызып,
Сол жерге екі әйелді алдырыпты.
Депті ол: «Қысқартыңдар бұлдануды,
Жалындым, айтпадындар шындарыңды.
Енді мен екі сарай салғызам да,
Екіге бөліп берем ұлдарыңды».
Екіге хан жігітті шабам депті,
Айбалта әкелуге адам кетті.
Сол кезде бірінші әйел «мен келісем
Жігіттің жарты жағын алам», – депті.
Еңіреп енді бірі зар жылаған
Бөліске түспесін деп сорлы балам.
« – Мен үшін бөле көрме, жер бетінде
Құлыным аман жүрсе болды маған».
Ол солай қолын жайып алға шықты,
Көз жасы ақ тілеуге жалғасыпты,
Босатқан қол-аяғын жігіт келіп,
Сол жерде анасына жармасыпты.
Сол жерде толқып кеткен халық қатты,
Сонда ана ұлын көріп талып қапты.
Тағында мәз-мәйрам боп отырған хан
Қулықпен ұл анасын анықтапты.
Шынымен хан бөліске салады деп,
Үрейден қалған екен бала жүдеп.
Өлшеусіз мейірім мен махаббатың
Өзгеден бөлексің-ау, ана жүрек!
Ән: «Анашым» орындайтын: Исентаев Нұрбақыт.
1 – оқушы: Абылай 5сынып
Ана деген – адамзаттың данасы,
Ана деген – сәбилердің панасы
Ана деген – жарық жұлдыз шырағың,
Ана деген – қайнар ыстық бұлағың
Ана деген – өмірдегі қамқорың
Ана деген – сүйенерің жан құрбың2 – жүргізуші:
Міне, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар, оқушылар сіздерге арнап дайындалған «Ана сенің жүрегіңдей жүрек жоқ» атты тәрбие сағаты осымен аяқталды. Ниет қойып тыңдағандарыңызға рахмет
Ерназар 6сынып
Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.
5 – оқушы: Сымбат 5 сынып.
Адам зат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілің кең.
Аналық махаббатың кәусар бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Ән: «Анаға сәлем» хор.
1 – жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
2 – жүргізуші:
Десек те уақытпенен жарыспайды
Қияға қиялымен қарыштайды
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп.
Өнерлерін ұстаз аналарға бағыштайды
1 – жүргізуші:
Мейлі бол ұлы тұлға
Мейлі жет тайсалмайтын ұлы шыңға
Ұмытпа ол ұстаздың жақсылығы
Болмайды оны мәңгі ұмытуға
Ұстаз деген – асылдың ақ сынығы
Ұлылықтың таусылмас ақ шырыны
Қалықтап жетсең егер биіктерге
Ұмытпа ол да ұстаздың жақсылығы.
Ән: «Ұстазым» 6сынып: Мұратова Аяжан , Назарова Дильназ.
5сынып:Бексұлтан «Анамен қайта сырласу»; 5 сынып Дильназ «Анаға сыр»; Даурен: «Әйел дейді-ау»; Эленора «Ана»
2 – жүргізуші:
Ән шырқалар бақытымен бағымен
Ән айтылса ұйып тыңдар жанымен
Ән айтпақшы Ақерке сынды қызымыз
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен
Ән: «Асыл ана» орындайтын: Бекет Ақерке.
2 – жүргізуші:
Ақ тілеулі кең пейілді аналарымыз өмірдің бастауы, тіршіліктің сәні. Аналар біздің басты байлығымыз. Ана – адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жан.
1 – жүргізуші:
Адам ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды. Анаға осыдан басқа артық тарту таралғының керегі жоқ.
2 – жүргізуші:
Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың деген. Сондықтан да бәріміз де ана алдында қарыздармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет.
Айдос: 8 наурыз күнгі сөз.
1- жүргізуші
Қыздар деген – бастауы ұлылықтың,
Қыздар деген – рәмізі сұлулықтың.
Келесі ән жырларымыз әдемі қыздарымызға арналады.
Бағдаулет: «Құттықтаймыз аналарды , қыздарды»;
Асхат: «Болашақ бойжеткендермен сырласу»;
Н.Бекжан: «Бұрым»; Аяжан «Ақсақ қыз аңызы»; Дильназ: «Сіңліге сыр»;
Ән: «Қазақ қызы» орындайтын Бекет Ақерке.
.
2-жүргізуші: Міне, құрметті бүгінгі күн қонақтары! Өздеріңіз куә болып отырған «: «Ана сенің жүрегіңдей жүрек жоқ» атты ашық тәрбие сағатымыз Алаш сыйлығының иегері, жазушылар одағының мүшесі, Жайық қызы- Ақұштап Бақтыгерееваның ана, қыздар тақырыбындағы жырлармен қамтылды. Ақұштап апа 70 жасқа толады. Осы уақыт ішінде келер ұрпаққа көптеген өлең-жырлар жазды. Барлығыңызды да Ақұштап өлеңдерін оқуға шақырамын. Ал, қазір Сабыров Наурызбек ауданымыздың ақыны
Сағынтай Бисенгалиевтің «Ақұштап апайға» атты өлеңін оқып берсін.
Ән: «Оралдың ерке самалы» орындайтын : Бекет Ақерке.
21- жүргізуші:
Міне, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, аяулы арулар, оқушылар сіздерге арнап дайындалған «Ана сенің жүрегіңдей жүрек жоқ» атты тәрбие сағаты осымен аяқталды. Ниет қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Сабақ маған ұнады.8-НАУРЫЗ карсаңында жерлес ақын апамыздың өлеңдерімен өрілген тамаша тәрбие сағаты.