Сан есім туралы түсінік. Дара, күрделі сан есімде р
БҚО Ақжайық ауданы Лбішін ауылы Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Бактыгулова Айнагул Мауленбаевна.
Сабақ тақырыбы: Сан есім туралы түсінік. Дара, күрделі сан есімдер.
Мақсаты: 1.Сөз таптары, оның ішінде сан есім туралы түсінік беру.Оның құрамына қарай дара және күрделі түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.2.оқу ,жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, салыстыра білу дағдыларын қалыптастыру; Сыни тұрғыдан ойлауға төселдіру. 3. Еңбекті сүйуге, мейрімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Сабақ әдісі: ой шақыру, баяндау, сұрақ-жауап, іздендіру, салыстыру, талдау.
Пәнаралық байланыс. Әдебиет, математика,орыс тілі.
Сабақ барысы:
(диктофон)№1Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1 жолдан сөз табы бағытындағы 3 ші жүрдек пойызы қазақ тілі еліне жүргелі тұр, сақ болыңыздар! Сәтті сапар, жас жолаушылар!
Жол серік сөзі: Саяхатқа шығар алдында мұғалімдеріңіз сіздерлі туған күндеріңе орай топқа бөліп, 4 вогонға жайғастырған болатын. Олай болса, жол ұзақ жол қысқартайық. Жылдың төрт мезгіліне арналған қай ақынның өлеңі бар?
—- А.Құнанбаевтың
