Мақал мен мәтелдер
Мустафина Бакитгуль Амангалиевна
Ақтөбе қаласы, №9 мектеп – гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Мақал мен мәтелдер 8 «В» сынып
Сабақтың
мақсаты : Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі – мақал мен мәтел туралы ойларын түсіндіру; Мақал мен мәтелдің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру арқылы сөйлесімі дамиды; Қазақтың мақал-мәтелдерінде айтылған ақыл, өсиет арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды үйренеді;
Күтілетін
нәтиже
Оқушының орындау мүмкіндігі: Мақал-мәтелдер туралы мәтінмен танысып, өз ойларын түсіндіруді істей алады; Мақал-мәтелдің ерекшеліктерін салыстыруды және ұқсастықтарын анықтауды істей алады; «Мақал-мәтелдер – халық даналығы» деген нақыл сөзге түсініктеме беруді үйренеді.
