Газдардың техникада қолданылуы
Сабақтың тақырыбы: Газдардың техникада қолданылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының жаңа білімді өзіндік ізденісі арқылы меңгеріп, практикалық қолданысын білуіне ықпал ету және газдардың техникалық қолданылысындағы қондырғылар туралы жан-жақты ақпарат беру.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен ізденуге, білімін практикалық тұрғыдан дамытуға, дәстүрлі емес әдістер арқылы талабын ұштап, шығармашылық қабілетін іскерлік белсенділігін шыңдауға жағдай жасау.
Тәрбиелік: өз бетімен білім алуға жетелей отырып, өзі мен өзгенің іс-әрекетін бақылай алатын, теориялық білімін практикамен еркін ұштастыруда ұйымшылдықпен жұмыс істей алатын азамат тәрбиелеу. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды назарда ұстау.
