Өлеңмен өрілген жыр-ғұмыр
Тұрғамбаева Дәме
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Өлеңмен өрілген жыр-ғұмыр /
Сабақтың мақсаты:Өршіл рухты өлеңдерімен, өмірге деген құштарлығымен, қайсар рухты қазақтығымен ұрпақ жадында, ел тарихында мәңгі қалар Қасым ақынның өр бейнесін таныту, жауһар жырларымен сусындата отырып, елжандылыққа, ерлікке тәрбиелеу, поэзияны сүюге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі:
Қасым Аманжолов суреті, слайд, шығармалар жинағы
Баяу ойналған күй әуенімен ақынның «Өзім туралы» өлеңі оқылады.
Өзге емес,өзім айтам өз жайымды,
